I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет46/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ 
 
Бөрілі менің байрағым 
Бөрілі байрақ астында 
Бөгеліп көрген жан емен. 
Бөрідей жортып кеткенде, 
Бөлініп қалған жан емен. 


105 
Бөрілі найза ұстаса, 
Түйремей кеткен жан емен. 
Бөрілі байрақ құласа
Күйремей кеткен жан емен. 
Жау тисе жапан далада, 
Бөрілі найза атамыз, 
Қарасайлап шабамыз, 
Қызыл қанға батамыз. 
Бөрілі байрақ астында 
Ту түсіріп, жау алған 
Қазыбек, Қастек атамыз. 
Бөрілі байрақ көтерсе, 
Жоқты жонып табамыз. 
Бөрілі байрақ астында 
Ту түсіріп, жау алған 
Шапырашты батыр бабамыз. 
Бөрі басы - ұраным
Бөрілі менің байрағым. 
Бөрілі байрақ көтерсе, 
Қозып кетер қайдағым. 
Датқаларға 
Ат құйрығын бұлаған, 
Қол жеткен жерін сұраған, 
Егескен жауы жылаған, 
Қызыл тілін безеген, 
Найзасын тасқа тежеген, 
Тұлпар мініп, ту алған – 
Мен Қарасай ұлымын. 
Беліне садақ байланып, 
Алмас қылыш асынған, 
Арыстан болған жасынан, 
Қол үзілмей қасынан, 
Дулыға кетпей басынан, 
Құрсанған жаудың әскерін 
Қуып еді Қарасай 
Жоңғардың қақпа тасынан. 
Атамекен жері үшін 
Дұшпанды сөйтіп қашырған. 
Пенде болған көп қалмақ
Қарасайды көргенде, 
Құлдық ұрып бас ұрған. 
Қарасай тартып жебесін. 
Жай оғындай жайнатып, 
Дұшпанның ойған төбесін, 
Гүрзісін көкке ойнатып, 


106 
Өлігіне толтырған 
Жоңғардың биік белесін.
Үш жүздің басы бірігіп, 
Көктөбеде ту тікті. 
Абылайды хан сайлап, 
Қалмаққа тиді айғайлап. 
Датқалар, несін сұрайсың, 
Қарасай мен Сұраншы 
Өтіп еді-ау елді ойлап... 
Заманында датқалар, 
Ұрты кеуіп, мақтанар. 
Пайда тапса дау-шардан, 
Шоқтығына дақ салар. 
Екі ауылды егер ғып
Қолтығына шоқ салар.
Басындағы дәулетін 
Бір күн болмай ақтарар. 
Елге жақпас қылығы – 
Бұл заманның ұлығы 
Параменен мал жиып, 
Бойынан асқан былығы. 
Оязға қайтсем жағам деп
Үзілер болды жұлыны. 
Өз елін өзі қарақтап, 
Ебі келсе, тамақтап, 
Кең ақтарған қорқаудай 
Датқалар жүр жалақтап... 
Қайран қазақ қор болды-ау 
Құр бекерге далақтап. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет