147
Ғалымжан
. Қарияларға не тілер едіңіз?
Омар ақсақал
. Өмірде ешкімге керексіз болып қалмаңдар!
Ғалымжан
. Еркектерге ше?
Омар ақсақал.
Дүние мен өмірдің тұтқасы екендіктеріңді ұмытпаңдар дер едім.
Ғалымжан
. Әйелдерге қандай тілек айтасыз?
Омар ақсақал.
Ана деген қасиетті есімді әрдайым ардақтап қастерлей біліңдер!
Ғалымжан
. Балаларға не дейсіз?
Омар ақсақал.
Қарттарға қарап өз өмірлеріңнің мән-жайын түсінуге ұмтылыңдар!
Ғалымжан
. Бүкіл адам баласына не тілегіңіз бар, ақсақал?
Омар ақсақал
. Ой, қарағым-ай, қайдағы жоқты тауып алдың ғой. Бүкіл адам баласына
тілек айтатын мен кіммін, мұншама?
Ғалымжан
. Дегенмен?
Омар ақсақал.
Қоймадың ғой, қарағым. О, адамзат! Адам деген ардақты атты ұмытпа,
қадірле, әрі терең түсін дер едім!
Ой. Ақыл Адамгершілік. Алматы: Білім, 1994. 93-109-бб.
Тұрсын ҒАБИТОВ
ҚАЗАҚ ЭТИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Достарыңызбен бөлісу: