182
Бұл тарихи кезеңде Қазақстанның сыртқы қарым - қатынастарына әлеуметтік
заңдылықтың күші эсер ете бастады, оған сәйкес көршілес тарихи субъектілердің
мақсаттары объективтік заңдылыққа сәйкес өзара қарама-қайшылыққа түсуі мүмкін және
тиіс еді. Гегельдің қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күрес заңында бұл аса логикалық
және мазмұнды түрде ашып көрсетілген.
Тілге тиек болып отырған жағдайда, қазақ халқының XVIII-XIX ғ ғ. тарихында қоғамдық
сананың, дүниетанымның, дүниетанымдық және одан басқа барлық қарым-қатынастардың
одан кейінгі даму барысына ықпал жасаған мәдени-тарихи оқиға болды. Жартылай
көшпелі өркениеттің әлеуметтік және рухани ахуалы кейінірек түзеле бастады. XIX
ғасырдың екінші жартысында, яғни Ағартушылық дәуірі деп аталған кезеңде
Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин және басқа да қазақтың ағартушылары,
қайраткерлері қазақ халқын орыс, ал ол арқылы Еуропа және әлем мәдениетінің
қазыналарынан сусындауға шақырды.
Олар қазақ ойшылдары, жыраулары рухани мұрасының мәні мол мазмұнын толық сақтай
отырып, қазақ мәдениетінің гуманистік бағыттанушылығын жалғастырды. Олардың
дүниетанымында адам барлық қарым-қатынастарда бұрынғыдан да зор маңызға ие болды.
Дегенмен олардың басты жетістігі олардың орыс және Еуропа мәдениетімен бір-біріне
сенушіліктің және жақындасудың мәдени негізін дайындауы болды. Олар ойшылдардың
көптеген ұрпақтары мен қазақ халқы мәдени кеңістігінің өзге өкілдері өмірге келтірген ең
жақсылар мен шынайылардың барлығы сақталатындығынан және одан әрі дамитынына
үміттенді деп есептеген жөн. Сол уақыт үшін бүл Ресей жағынан әскери, экономикалық
және саяси қорғаушылық жөніндегі келісімшарттан өндірістік және өндірістік деңгейі
жоғарырақ өркениетпен, орыс және әлем мәдениетімен жақындасу үдерісіне көшуді
білдірді.
Қазіргі замандағы философия ғылымының алдындағы келелі міндеттердің бірі -
мәдениеттер мен халықтардың терең деңгейлерде мәдени-тарихи жақындасуын, олардың
психоментальдылығын, мәдени және мінез - құлықтың архетиптерін, діни
дүниетанымының және білімдерінің философиялық негіздерін талдай отырып, зерттеу
және шешу. Бұл бағытта әлем мен адамның бірлігі мәселелеріне қатысты проблемаларды
түсінуге кедергі келтіретін ақтаңдақтар бар.
Философия ғылымы, барлық жағынан алып қарағанда, өзінің іргелі мүдделерімен қоса
қазіргі кезеңде ол үшін үйреншікті әлемдік ағартушының ролін атқаруға тиіс. Бүл үшін
одан осы күнге дейін өздерінің болмыстары жағынан мүлдем өзгеше Батыс және Шығыс
дүниетанымдарының тереңде жатқан негіздерін бұрынғыдан да егжей-тегжейлі және
дұрыс талқылау талап етіледі. Қазіргі заман философтарының алдында Әлемге, адам
интеракцияларына, қарым-қатынастарға бүтіндік және толықтық сипат бере түсу,
эзотериялық кеңістіктің түпкі қабаттарын тану міндеті тұр.
Человек и мир в казахской философии
XVIII-XIX веков. Алматы, 2006. - С. 43-63.
Достарыңызбен бөлісу: