Есеп № 41
Науқас Д., 9 жаста, тексеру үшін ауруханаға жатқызылған. Соңғы жылдары тұмау ауруларымен, пневмониямен жиі ауырған. Көбнесе сульфаниламидтік препараттармен, сирек антибиотиктармен емделеді.
Түскен кездегі қан анализі
Эритроцит 4,3х /л
Гемоглобин 130 г/л
Түсті көрсеткіш 0,9
Лейкоциттер 3,0х /л
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 0
Таяқша ядролы 2%
Сегменттік ядролы 27%
Эозинофилдер 0
Базофильдер 0
Лимфоциттер 60%
Моноциттер 11%
Тромбоциттер 260х /л
Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 0,6%. Науқастың сары суында лейкоагглютининдер анықталған.
Бұл қан анализі қандай патологияның дамығанын дәлелдейді?
Бұл жағдайда лейкоагглютининдердің пайда болу себебі қандай?
Жиі тұмаурату жағдайы мен анықталған қандағы өзгерістердің арасында байланыс бар ма? Бар болса, қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |