Байланысты: ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ 2 ПӘНІ БОЙЫНША СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ
Есеп № 4 Жұлынды кесуді екінші рет бірінші кескен тұстан бірнеше сегмент жоғары деңгейде жүргізсе шоктың қайталап дамуы байқалады.
Есеп № 5 Әлсіз шеткері паралич.
Нервтің проксималдық және дисталдық кесінділерін жақсылап қиылыстырса немесе тіксе, онда кесілген нервтің орталық кесіндісінің регенерациялануы есебінен аяқтың қызметтері қайта қалпына келуі мүмкін.
Есеп № 6 Кураре нервтік-бұлшық еттік өткізігіштікті қатамасыз ететін медиатор – ацетилхолинмен өзара байланысатын постсинапстық мембранадағы холинорецепторларды бөгеп тастайды. Осылайша, паралич нервтен бұлшық еттерге импульстардың холинергиялық өткізілуіне кураре уының кедергі жасауынан дамиды деп түсіндіруге болады.
Әлсіз шеткері паралич.
Есеп № 7 Оң, гемисекция жасаған жағында.
Гемисекция жасаған жағында терең сезімталдық, ал қарама-қарсы жағында – беткейлік сезімталдық жоғалады.
Есеп № 8 Тәжірибелік жануардың оң жақ аяғында терең сезімталдық пен жанасулық сезімдері толықтай жойылады, тек беткейлік сезімталдық қана сақталады. Сезімталдықтың бұзылуының мұндай түрі диссоциацияланған деп аталады.