«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер


Есеп № 19 Паллидарлық жүйенің зақымдануына тән. Есеп № 20



бет133/158
Дата07.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#82967
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   158
Байланысты:
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ 2 ПӘНІ БОЙЫНША СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ

Есеп № 19
Паллидарлық жүйенің зақымдануына тән.


Есеп № 20
Стриарлық жүйенің зақымдануына тән.


Есеп № 21

  1. Ауыр миастения.

  2. Қаңқалық бұлшық ет талшықтарының постсинапстық мембраналарында ацетилхолинге аутоантиденелердің пайда болуы.

  3. Постсинапстық мембраналарында ацетилхолинге рецепторладың азаюы, ацетилхолиннің бұлшық еттерді қоздырушы әсерінің төмендеуі.

  4. Синапстық саңылауда ацетилхолин мөлшерін арттыру және нервтік-бұлшық еттік өткізгіштікті жеңілдету мақсатында холинэстераза блокаторларын (эзерин, неостигмин, тензилон) қолдану. Тимэктомия. Қандағы аутоантиденелердің мөлшерін азайту үшін плазмаферез қолдану. Иммунодепрессанттар, кортикостероидтар. Антилимфоцитарлық глобулин.



Есеп № 22

  1. Альцгеймер ауруы.

  2. Базальдық ганглий және гиппокамп қыртысы нейрондары арасындағы холинергиялық байланыстардың бұзылуы.

  3. Жоғарғы жүйке қызметінің бұзылуы.

  4. Холиэстеразаның орталықтық блокаторлары: физостигмин; бас миы холиэстеразасының селективтік блокаторы: ривастигмин (экселон) қолдану.



Есеп № 23

  1. Науқаста сезімталдық пен қозғалыстың нейрогендік бұзылыстарының белгілері байқалады: оң жақ қолының парциальдық анестезиясы; бетінің оң жағының гиперестезиясы, арефлексия, жұту рефлексінің жойылуы, дисфагия, дисфония, птоз, жұмысақ таңдайдың парезі, оң жақ қол бұлшық еттерінің гипотрофиясы. Бұл бұзылыстардың себептері болып орталық және шеткері жүйке жүйесінің созылмалы аурулары, нерв жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің қанайналымдық бұзылыстары, бас миы мен жұлын ісіктік өсулері табылады.

  2. Жоғарыда айтылған себептер шеткері нервтерде қозудың афферентік және эфференттік импульстарының өткізілуінің жартылай немесе толықтай бөгелуіне, қозғалыстардың басқаратын жұлындық бақылаудың бұзылуына әкеледі.

  3. Науқаста сезімталдық пен қозғалыстың бұзылуы жүйке жүйесінің әртүрлі деңгейлерінде (рецепторлық, өткізгіштік, орталықтық) зақымдануы нәтижесінде болуы мүмкін.

  4. Науқаста аурудың ұзаққа созылуына (5 жылдай), сонымен қатар сезімталдық пен қозғалыстың нейрогендік бұзылыстарының генерализацияланған және мозайкалық сипатына қарап, нерв жүйесінің дегенерациялық түрдегі жүйелік зақымдануы дамыған деп шешуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет