Есеп № 7
Иә, байқалады, өйткені ұлтабарға тұз қышқылының аздаған мөлшерін енгізген кезде, ішектің шырышты қабатының G-жасушалары асқазан сөлінің секрециясын ынталандыратын асқорыту гормоны – гастринді өндіре бастайды. Бұл вагустың қатысуынсыз жүретін, асқазан секрециясының ішектік фазасы болып табылады.
Есеп № 8
Глюкокортикоидтар басты және айнала қоршап жатқан жасушалармен пепсиннің және тұз қышқылының өндірілуін ынталандыру арқылы, асқазан сөлі секрециясын күшейтеді және соған байланысты оның қорыту қабілетін жоғарлатады. Сонымен қатар глюкокортикоидтар бір уақытта асқазан шырышты қабатының пролиферациялық және регенерациялық үрдістерін тежеп, шырыштың өндірілуін азайтады. Осыған байланысты, стероидтық ойық жаралардың дамуы негізінде шырышты қабаттың зақымданудан қорғайтын жергілікті қорғаныс механизмдерінің жеткіліксіздігі кезінде қышқылды-пепсиндік фактор белсенділігінің жоғарлауы жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |