«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер


Есеп № 11 Анықталған зат алмасу өзгерістері тиреоидтық гормондар өндірілуінің жеткіліксіздігіне тән. Есеп № 12



бет136/158
Дата07.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#82967
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   158
Байланысты:
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ 2 ПӘНІ БОЙЫНША СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ

Есеп № 11
Анықталған зат алмасу өзгерістері тиреоидтық гормондар өндірілуінің жеткіліксіздігіне тән.


Есеп № 12
Өлімнің дамуында қыртыстық зат қызметінің жойылуы маңызды болып табылады, өйткені бүйрек үсті безінің милық заты гормондарының болмауы вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлімінің хромаффиндік жасушалары өндіретін катехоламиндермен компенсациялана алады.


Есеп № 13

  1. Диабеттік кома.

  2. Мұндай жағдай қантты диабеттің қауіпті асқынуы болып табылады және инсулин жеткіліксіздігі кезінде дамиды.

  3. Шеткері тіндердің глюкозаны пайдалануы төмендеуіне жауап ретінде май қышқылдары энергия көзі ретінде қолданылады. Май қышқылдарының май қорларынан қарқынды мобилизациялануы және олардың ыдырауы ацетилкоэнзим А-ның көптеп жиналуына әкеледі. Инсулиннің жеткіліксіздігі кезінде ацетилкоэнзим А Кребс цикліне метаболизмдік қуатының шектелуіне байланысты толығымен қатыса алмайды. Осыдан тым артық мөлшерде жиналған ацетилкоэнзим А кетондық денелердің – ацетоуксустық, β-гидрооксимайлы қышқылдардың және улы, есірткілік қасиеттерге ие, диабеттік команың дамуына біршама ықпал ететін ацетонның өндіріліуіне жұмысалады.



Есеп № 14
Инсулин антигендік қасиеттерге ие, сондықтан оны енгізген кезде жауап ретінде кейбір жағдайларда сәйкес антиденелер түзілуі мүмкін. Инсулинге қарсы өндірілген антиденелер эндогендік инсулинді байланыстырып, инсулин жеткіліксіздігін дамытады.


Есеп № 15
Науқаста гипергликемия мен глюкозурияның дамуы салыстырмалы инсулин жеткіліксіздігінің дамуы шақыратын соматотроптық гормонның өндірілуінің жоғарлауымен түсіндіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет