Есеп № 20
Науқас М., 52 жаста, ауруханаға тексерілуге келген. Шамамен 3 ай бұрын тәбеті төмендеген, етке деген жеркеніштік пайда болған, жүдеген.
Анамнезінде 12 жыл бойы эпигастрия аймағында ауырсыну сезімі және жүрегінің қыжылдауы анықталған.
Фракциялық зондылау кезінде анықталды: ашқарында алынған асқазан сөлінің порциясы – 5 мл, бос тұз қышқылы – 0, жалпы қышқылдығы - 35 титрлік бірлік. Базальдық секрециясы: сағаттық кернеуі - 25 мл, бос тұз қышқылы - 0, жалпы қышқылдығы - 12-18 титрлік бірлік. Гистаминдік стимуляцияға жауабы: секрецияның сағаттық кернеуі - 20 мл, бос тұз қышқылы – іздері, жалпы қышқылдығы - 15-21 титрлік бірлік.
Асқазанның секрециялық қызметінің бұзылу сипаты қандай?
Ашқарынға алынған порциядағы бос тұз қышқылының болмауы кезіндегі жалпы қышқылдықтың жоғарлауын қалай түсіндіруге болады?
Достарыңызбен бөлісу: |