Байланысты: ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ 2 ПӘНІ БОЙЫНША СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ
Есеп № 24 Тәжірибе жүзінде екі топ жануарлар алынып, бірінші тобын 10 сағат бойы, ал екінші топты – 28 сағат бойы ешқандай ас бермей, аш күйінде ұстаған.
Осындай ашығудан кейін жануарлардың қанындағы қант мөлшерін тексерген кезде барлығында ол көрсеткіш қалыпты жағдайдың төменгі шекарасын көрсеткен.
Жануарлар қанындағы қант деңгейінің қалыпты жағдайда ұсталынып тұру механизмі екі топта бірдей ме? Бұл механизмдердің дамуындағы бауырдың рөлі қандай?
Есеп № 25 32 жастағы К. деген науқасты тексеру барысында оған 40 г галактозаны қабылдауды ұсынған, содан кейін бөлінген зәр құрамынан галактоза мөлшерін зерттеген. Жиналған зәрдегі галактоза мөлшері 12 г болған.
1. Науқаста бауырдың қандай қызметі бұзылған?
2. Бауырдың функциялық жағдайын бақылау үшін тест ретінде галактозаны қолдану неге негізделген?