Есеп № 27
Науқаста дамыған аминоацидурия сипатын анықтау үшін сарысудағы амин қышқылдарының азот деңгейі және зәрдегі жалпы азот тексерілген. Нәтижесінде сарысудағы аминоазот мөлшері - 17,9 ммоль/л, ал зәрдегі азот деңгейі – 179 ммоль/л болған.
Алынған мәліметтер аминоацидурияның бауырлық шығу тегін дәлелдейді ме?
Аминоацидурия бауырдың қандай қызметінің бұзылғанын көрсетеді?
Есеп № 28
42 жастағы науқас А., созылмалы маскүнемдіктен емделу үшін ауыруханаға түскен. Науқас жалпы әлсіздікке, оң жақ бүйірі мен эпигастрия аймағының ауырсынуына шағымданған.
Клиникалық-лабораториялық тексеру кезінде анықталғаны: бауыры ұлғайған, біршама тығызданған, шеттері доғалданған. Қандағы жалпы липидтер - 4,7 г/л; қандағы жалпы холестерин - 7,2 ммоль/л; эстерифицация-ланған холестерин - 0,8 ммоль/л; қандағы фосфолипидтер - 1,4 ммоль/л.
Науқаста анықталған май алмасу көрсеткіштері бауырдың майлық инфильтрациясының дамығаның дәлелдейді ме?
Маскүнемдік кезіндегі бауырдың майлық инфильтрациясының даму механизмі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |