Есеп № 10
54 жастағы Н. деген науқасқа операция жасалғаннан кейін 5 күн өткенде тексеруге қаны алынған.
Жалпы қан анализі
Эритроцит 3,6х /л
Гемоглобин 95г/л
Түсті көрсеткіш 0,78
Лейкоциттер 16х /л
Лейкоцитарлық формула
Миелоциттер 1%
Метамиелоциттер 2%
Таяқша ядролы 8%
Сегменттік ядролы 64%
Эозинофилдер 3%
Базофильдер 1%
Лимфоциттер 18%
Моноциттер 3%
Жұғындыда: айқын емес анизацитоз, пойкилоцитоз, ретикулоциттер - 3,8%.
Науқастың шеткері қанындағы анықталған өзгерістерді сипаттаңыз.
Қандай өзгерістер қан түзу жағынан компенсациялық механизмдердің іске қосылғандығын көрсетеді?
Бұл жағдайда гемопоэзді ынталандыру қандай факторлардың әсерінен жүзеге асады?
Есеп № 11
Науқас И., 42 жаста, ауруханаға ішінің ауырсынуына, шырыш және қан араласқан үлкен дәреттің жиі (тәулігіне 3-4 рет) болуына, жүдеуге, әлсіз-дікке шағымданып келген. Бұл белгілердің пайда болғанына 1-жылдай уақыт болғанын және жағдайының бірде жақсарып бірде нашарлап отырғаның айтады.
Ауруханаға түске кездегі қан анализі
Эритроцит 2,9 х /л
Гемоглобин 63г/л
Түсті көрсеткіш 0,7
Лейкоциттер 14х /л
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 1,5%
Таяқша ядролы 8%
Сегменттік ядролы 52%
Эозинофилдер 2%
Базофильдер 0,5%
Моноциттер 6%
Тромбоциттер 220х /л
Жұғындыда: нормоцит, аздаған микроциттер, пойкилоцитоз, аздап полихроматофильдер, ретикулоциттер - 2,6%.
Бұл гемограммада шеткері қан құрамының қандай өзгерістері берілген?
Қан жүйесінің қандай патологиясына бұл өзгерістер тән?
Қан анализінде қанның регенерациялану белгілері бар ма?
Достарыңызбен бөлісу: |