«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет19/158
Дата07.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#82967
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   158
Байланысты:
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ 2 ПӘНІ БОЙЫНША СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ

Есеп № 12
Біреуі наркоз жағдайындағы екі егеуқұйрықты барокамераға отырғызып, гипобариялық жағдай туындатқан.
Қай егеуқұйрықта бірден өлім дамиды және неге?


Есеп № 13
Эксперимент жүзінде жануардың екінші мойын сегменті деңгейінде жұлынды жартылай кесіп тастаған кезде, тыныс алу актысына диафрагма мен зақымдалған жақтағы жарты кеуде клеткасының қатыспайтындығы байқалды.
Жартылай кесілген жұлын жағындағы сыртқы тыныс алу бұзылыстарын қайта қалпына келтіруге болады ма?


Есеп № 14
Тәжірибеде итті қоршаған ортаның жоғарғы температурасы мен оттегі жеткіліксіздік жағдайында ұстау арқылы, тыныс алу бұзылыстарын туғызған. Итте тыныс алудың қысқа уақытты тоқтау кезеңдерінен кейін, тыныс алу актысының біртіндеп тереңдігі мен жиілігінің өсуімен сипатталатын тыныс байқалды. Содан соң белгілі бір деңгейге жеткенде, қайта тыныс алу бәсендеп, тоқтауға дейін барған.
Эксперимент жүзінде сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігінің қандай түрі алынды?
Есеп № 15
Эксперимент жүзінде сау иттерде өкпенің бір бөлігін немесе тұтастай өкпені алып тастау қан оксигенациясының бұзылысынсыз өткен, ал өкпенің бір бөлігін осы бөлікке тән бронхты бітеу арқылы желденуден шығарған кезде, артериялық қанның оттегімен қанығуының 5-6 пайызға төмендегені анықталған.
Өкпенің резекциясы мен пульмонэктомиясына қарағанда, сау өкпенің бір бөлігінің обтурациялық жеткіліксіздігі кезінде, қанның оксигенациясы неге төмендейді?
Есеп № 16
Иттің өкпе тініне 3 мл ыстық стерильді су жіберу арқылы өкпенің жедел қабыну үрдісін туғызған.
3 күн өткенде сыртқы тыныс алу көрсеткіштерін зерттеген. Осы кезде артериялық қанның оттегімен қаңығуы төмендегендігі, ал қандағы СО2 мөлшерінің өзгермегендігі анқыталған.
Эксперименттік иттегі өкпенің газ алмасуының бұзылуы неге тек гипоксемия түрінде айқындалды, неге гиперкапния байқалған жоқ?


Есеп № 17
23 жасар науқасты жасанды тыныс алуға көшірген. Қанның газдық құрамын зерттеген кезде, артериялық қанда оттегінің қысымы сынап бағанасы бойынша 85 мм, ал көмір қышқыл газы – 45 мм с.б. тең болған.
Бұл жағдайда сыртқы тыныс бұзылысының компенсациялану деңгейі жеткілікті ме?
Есеп № 18
Отқа төзімді кірпіштерді нығыздау жұмысын атқаратын, 20 жылдық стажы бар, 43 жасар науқас жұмыс жасаған кезде ентігудің пайда болуына байланысты еңбекке қабілеттілігі төмендейтінің айтып шағымданды.
Объективтік зерттеу кезінде терісінің бозарғандығы, кеуде клеткасының дұрыс формасы, екі жағынында тыныс алу актысына бірдей белсенді қатысуы байқалды. Бірақ өкпенің керілу шекараларының шектелгендігі, қатаң тыныс, құрғақ, таралған сырыл байқалды.
Рентгенография кезінде - өкпе суреті ошақтық пневмосклероз типі бойынша өзгерген.
Сыртқы тыныс алу нәтижесінің біршама төмендегені анықталды – артериялық қанның оттегімен қаңығуы 74 % құрайды.
1. бұл жағдайда тыныс алу жеткіліксіздігі тыныс алу жүйесінің қандай қызметінің бұзылуы салдарынан дамып отыр?
2. Ентігудің тек жұмыс жасағанда ғана байқалуын қалай түсіңдіруге болады?
Есеп № 19
42 жасар Г. деген науқас кеудесінің оң жақ бөлігіндегі Х және ХІ қабырғаларының жабық сынуы бойынша ауруханада жатыр, тексеру кезінде өкпе тінінің зақымданбағаны анықталған.
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тыныс алу жиі – минутына 13 рет және беткейлік. Тыныс алған кезде кеуде клеткасының оң жақ жартысының қалып қоятыны байқалған.
Жалпы спирография кезінде анықталғаны: тыныс алу көлемі 83 %, тыныс алудың минуттық көлемі 82 %, өкпенің тіршілік сыйымдылығы 90 %.
Бұл жағдайда өкпе ветиляциясының қандай бұзылу түрі байқалады?


Есеп № 20
19 жасар Т. деген науқас ауруының 3 күні «жедел пневмония» диагнозымен ауруханаға емделуге жіберілген.
Келген кезде тыныс алуы минутына 32 рет және беткейлік болған. Тыныс алу қимылдарына қабырға аралық бұлшық еттер қатысады. Аускультация кезінде ұсақ көпіршікті, ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі.
Өкпенің рентгеноскопиясында – екі жақты крупоздық пневмонияға тән өзгерістер байқалады.
Сыртқы тыныстың нәтижелігінің зерттеген кезде қанның оксигенациясының төмендегені байқалған – артериялық қанның қанығуы 86% құраған.

  1. науқаста сыртқы тыныс алу бұзылуының қандай түрі дамыған және оның даму механизмі қандай?

  2. бұл жағдайда қанның оксигенациясының төмендеуі сыртқы тыныс алудың қандай үрдістерінің бұзылуына негізделген?



Есеп № 21
8 жасар К. деген науқас ешқандай себепсіз пайда болатын, жиі дамитын ұстамалы тұншығу сезіміне шағымданады. Ұстама кезінде тыныс алу қиындайды, жөтелмен, аздап тұтқыр қақырықтың бөлінуімен жүреді. Тыныс шығару кезінде ысқырықты сырылдар естіледі.
Анамнезінде 5 жасынан бронх демікпесімен ауратындығы анықталды.

  1. бұл патология үшін ентігудің қандай түрі тән?

  2. тұншығу ұстамасы кезінде өкпе вентиляциясының қандай бұзылыстары байқалады?

Есеп № 22
56 жасар науқас 20 жыл бойы қантты диабетпен ауырады. Ауруханаға кома алдылық жағдаймен түскен: бас ауыруы, әлсіздік, лоқсу, айқын ентігу байқалған.
Қолданылған шараларға қарамастан науқастың жағдайы үдемелі нашарлап, диабеттік кома дамыған. Науқас есінен айырылған, пульсі жиілеген, әлсіз, қан қысымы төмендеген.
Коматоздық жағдайда ентігу сақталады ма?


Есеп № 23
56 жасар науқас неврологиялық бөлімге ми инсульті бойынша түскен. Түскен кезде жағдайы өте ауыр болған және Чейн-Стокс кезеңдік тынысы байқалған. Ал екінші күні ол тыныс Биот тынысына ауысқан.
1. Биот тынысының пайда болуына қарап, науқас жағдайының жақсарып келе жатқандығын жобалауға болады ма?
2. Кезеңдік тыныс патогенезінде қандай фактор негізгі болады?


Есеп № 24
54 жасар науқасты уремия жағдайында ауруханаға әкелген. Науқас есенгіреген, қозғалысы шектелген. Терісі құрғақ, көптеген тырналанған іздер бар. Ырғағы жиілеген, тыныс алу және тыныс шағару фазаларының қиындауымен жүретін ентігу байқалады.
Ауруханадағы 4-ші күні қолданылған емдік шараларға қарамастан жағдайы қиындап, кома дамыды. Ерекше шулы жиілеген тыныс пайда болып, терең тыныс алулардың біртіндеп үлкен тыныс шығаруларға ұласуы байқалды.
Науқаста тыныс алу бұзылыстарының қандай түрі дамыды?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет