Есеп № 15
16 жастағы М. деген науқасты ауруханаға ауыр шок жағдайында алып келген. Автокөлік қағып кеткен. Екі аяғы көптеген жерден сынған. АҚ – сынап бағанасы бойынша 80/60 мм тең.
Тәулік бойы 60-80 мл зәр бөледі. Зәрінде: белок – 0,66г/л, зәрдің салыстырмалы тығыздығы – 1,029.
Қандағы қалдық азот – 120 ммоль/л; қандағы мочевина – 35 ммоль/л.
Науқастағы анурияның механизмі қандай?
Науқаста дамыған анурия белгілі патогендік нұсқалардың қайсысына жатады?
Есеп № 16
Науқас К., 3 жаста. Тез шаршайтынына, үнемі аштық сезімнің болуына, шөлдегіштікке шағымданады.
Ішкі мүшелер жағынан объективтік өзгерістер жоқ.
Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 3,0 л болғандағы зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,020-1,038 аралығында. Глюкозаның зәрмен бірге тәуліктік экскрециялануы 1,2 г құрайды және глюкозурия дәрежесі күндізгі, түнгі зәр мөлшерлерінде бірдей.
Қандағы глюкоза – 3 ммоль/л. Қанттық жүктеме жүргізгенде немесе инсулинді енгізгенде гликемиялық қисық қалыпты.
1,5 жастағы інісін тексергенде, ол балада да тұрақты глюкозурия анықталған.
Бұл жағдайда бүйректің қандай қызметі бұзылған және глюкозурияның даму механизмі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |