Есеп № 17
56 жасағы В. деген науқас миеломдық ауруға күдіктенгендіктен тексерілуге ауруханаға түскен. Жалпы әлсіздікке, жүдегендігіне, қабырғасы мен кеудесінің ауырсынуына шағымданады.
Түскен кездегі зәр анализі: ашық-сары түсті, мөлдір, қышқылды реакциялы, белок – 0,8 г/л, глюкоза жоқ.
Тұңбада: эпителий аздап кездеседі, көру аймағында лейкоциттер-1-2, эритроциттер-0-2, гиалинді цилиндрлер -1-3.
Зимницкий сынамасы бойынша тәуліктік диурез 2000 мл болған кездегі зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,008-1,026 құраған.
Бенс-Джонс белогына (молекулалық салмағы – 24000-40000) термопреципитация сынамасы оң нәтиже берген.
Науқастың зәр құрамында қандай патологияық өзгерістер бар?
Бұл жағдайдағы протеинурияның даму механизмі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |