Есеп № 21
45 жастағы Н. деген науқастың ауруы 8 жыл бұрын бел аймағының ауырсынуымен, беті мен қол-аяқтарының ісінуімен басталған. 5 жыл өткенде ауру осы симптомдармен асқына түскен. Соңғы жылдары ауру белгілері мазаламаған. Қазіргі уақытта жағдайының нашарлауына байланысты ауруханаға түскен.
Зәр анализі: сарғыш түсті, қышқылды реакциялы, белок-0,6 г/л, глюкоза жоқ. Тұнбада: көру аймағында аздаған эпителий, лекоциттер-10-15, эритро-циттер бірен-саран, гиалинді, түйіршіктенген цилиндрлер-2-3. Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 860 мл болғандағы зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,010-1,016. Қанында: мочевина-9 ммоль/л, креатинин-115 ммоль/л.
Науқастың зәр анализіндегі көрсеткіштер қандай патологиялық өзгерістердің дамығаның дәлелдейді?
Шумақтық фильтрацияның өзгергенің көрсететін мәліметтер бар ма?
Науқас бүйрегінің концентрациялық қабілетінің бұзылғаның дәлелдейтін мәліметтер бар ма?
Достарыңызбен бөлісу: |