Есеп № 22
Науқас Д., 24 жаста. Оңтүстік аймақтарда болған кезде қызба, бетінде «көбелек» тәріздес эритема және буындарының ауырсынуы байқалған. Содан соң бетінің, қол-аяқтарының ісінуі, бел аймағының ауырсынулары қосылған. Ауруханаға жүйелі қызыл жегі ауруына күдіктеніп жатқызылған.
Зәр анализі: сарғыш түсті, қышқылды реакциялы, белок - 10г/л, глюкоза жоқ. Тұнбада: көру аймағында аздаған эпителий, лейкоциттер 8-10, эритро-циттер 2-3, гиалинді цилиндрлер - 2-3. Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурезі 760 мл болғандағы зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,010-1,027.
Қанында: жалпы белок - 52 г/л, мочевина - 4,2 ммоль/л, жалпы холестерин - 12,1 ммоль/л.
Науқас зәрінде қандай патологиялық өзгерістер бар?
Науқаста зәрмен бірге белоктардың тәуліктік экскрециялануын қалай бағалауға болады?
Науқастағы ісінулердің нефротикалық екенін дәлелдейтін мәліметтер бар ма?
Достарыңызбен бөлісу: |