Патофизиология кафедрасы бақылау – Өлшегіш қҰралдар патофизиология-1



бет38/46
Дата19.12.2021
өлшемі353,36 Kb.
#103486
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46
Байланысты:
бакылау-олшегиш

Эксперимент нәтижелері

А. In vivo: аппликациядан 8 сағаттан соң эпителийдің ұсақ ошақты некрозы және дистрофия белгілері анықталды. Теріде бұл дерттік үрдістердің одан әрі күшеюі анықталды.

В. In vitro: зерттеудің барлық мерзімдерінде тері эпителиінде зақымдану белгілері болмады. Бастапқы кезде жасушалардың бір-біріне жабысуы байқалса, кейінгі байқауларда тіркелмеді.

1. in vivo және in vitro тәжірибелері нәтижелеріндегі айырмашылықты сіз қалай түсіндіресіз? Жауаптарыңды негіздеңіздер.

2. in vivo тәжірибесінде эпителий жасушаларының зақымдануы тікелей ме, әлде салдарлық деп айтуға бола ма? Сіздің пікіріңізге байланысты анықтамаңызды келтіріңіз.

3. Препараттың жасушаға зақымдаушы әсерінің мүмкіндік тетіктері қандай? In vitro тәжірибесінің нәтижелерін ескергенде Сіз атаған механизмнің қайсысы мүмкін?

4. Тексерілуші препараттың патогенді әсерінің механизмдерін айқындау үшін in vivo тәжірибесінде жасушаның қосымша тағы қандай қызметі мен үрдісін зерттеу қажет?
10 Токсикологиялық лабораторияда улы заттың жасушалық әсері зерттелді. Затты қалыпты эпителий жасушаларының монокультурасына енгізді. Жасуша зақымдануының белгілері әрбір 30 минут сайын 3 сағат бойы бағаланды. 3 сағаттан соң 80 пайыз жасушаның өлгендігі анықталды.

1. Эпителий жасушаларының қайтымды (А) және қайтымсыз (В) бүліністерін бағалау үшін қандай морфологиялық және биохимиялық критерийлер қажет?


11 Тышқандарда гемолиздік анемияны үлгілеу үшін фенилгидразин енгізілді. Фенилгдразинді енгізгеннен жарты сағат өткеннен кейін жануардың қанында эритроциттердің азайғаны, бос гемоглобин және метгемоглобин анықталды.

1. Фенилгидразин әсерінен эритроциттер мембранасы зақымдануының мүмкіндік тетіктерін түсіндіріңіз.


12 Ауруға натрий бикарбонат ертіндісін тамыр ішіне енгізді. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.

рН 7,42


рСО2 40,5 мм с. б.

SB 28,0 ммоль/л

АВ 31,0 ммоль/л

ВЕ 6,5 ммоль/л


13 Науқастың бас миы шайқалған, толастамайтын құсу мен ентік байқалды. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.

рН 7,56


рСО2 26 мм с. б.

SB 24,0 ммоль/л

АВ 17,0 ммоль/л

ВЕ 4,0 ммоль/л


14 Науқаста диффузды гломерулонефрит. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.

рН 7,23


рСО2 34 мм рт. ст.

SB 16,0 ммоль/л

АВ 13,0 ммоль/л

ВЕ - 11,0 ммоль/л

Несептегі ТҚ: 8 мл сілті

Несептегі аммиак: 8 ммоль/л


15 Науқас кома жағдайында. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.

рН 7,17


рСО2 50 мм с. б.

SB 15,5 ммоль/л

АВ 38,0 ммоль/л

ВЕ -13,0 ммоль/л


16 Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз, мүмкіндік себептерін көрсетіңіз.

рН 7,42


рСО2 30 мм с. б.

SB 20,5 ммоль/л

АВ 18,0 ммоль/л

ВЕ -4,0 ммоль/л


17. Ауруға жасанды өкпе вентиляциясын қолдану арқылы операция жасалды. Аурудағы ҚСҮ бүлінісін сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.

рН 7,24


рСО2 69 мм с. б.

SB 18,5 ммоль/л

АВ 28,0 ммоль/л

ВЕ -8,0 ммоль/л


18. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 15 көлемдік %, веналық қанда 10 көлемдік %.

Артерияда гемоглобиннің оттегіге қанығуы 74 %, венада 48%.

О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?
19. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18 көлемдік %, веналық қанда 6 көлемдік %.

Артерияда гемоглобиннің оттегіге қанығуы 98 %, венада 30%.

О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?
20. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18 көлемдік %, веналық қанда 16 көлемдік %.

Артерияда гемоглобиннің оттегіге қанығуы 98 %, венада 80%.

О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?
21. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 10 көлемдік %, веналық қанда 4 көлемдік %.

Қанның О2 сыйымдылығы төмендеген.

О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?
22. 39 жастағы науқаста «Митралды қақпақшаның стенозы» диагнозымен алқыну, акроцианоз байқалады, өкпеде — дымқыл сырыл, әсіресе аяқта жайылған ісінулер, жүрек шекараларының үлкейуі, тахикардия, артериялық гипотензия, ұлғайған және қабырғадан 5 см шыққан бауыр, асцит; диурез азайған.

Қышқылдық – сілтілік үйлесімнің көрсеткіштері:



Рн

7,32

раО2

71 мм с.б.

раСО2

52 мм с.б.

рvО2

47 мм с.б.



18,6 ммоль/л

МК

26 мг%

ВЕ

–5 ммоль/л

 

 

Na концентрациясы қан плазмасында жоғарылаған; гипо‑ және диспротеинемия; эритроцитоз.

1. Осы жағдайда гипоксияның қандай түрлері дамыды? Жауабын түсіндіріңіз.

2. Науқаста гипоксияға бейімделу белгілері бар ма?

3. Науқаста ісінулердің қандай түрлері бар және олардың патогенезі қандай?

4. Ісінулерді жою үшін қандай емдеу жүргізу керек?
23. 60 жастағы науқас Ц. 2 апта бұрын жүректің сол қарыншасының алдыңғы қабырғасының тұсында жайылған трансмуралды инфаркт алған және ауруханада жатқан, түнде ауа жетіспеу сезімімен оянды. Шақырған медбике оның керуетке отырып, аяғын түсіруіне көмектесіп, терезені ашты. Науқас аздап жеңілдеді. Бірақ осыдан 10 минөттен соң ол ентігудің күшейгеніне, ауық-ауық жөтелудің (қақырықсыз) қажеттігіне, сонымен бірге тыныс жолдарында құлағына естілетін сырылдардың пайда болғанына шағымданды. Медбике науқасқа оттегілік масканы беріп, дәрігерді шақырды.

1. Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.

2. Сіздің ойыңызша, аталған жағдайда оның даму бірізділігі қандай?

3. Бұл кезде раО2, раСО2, рvO2, рvCO2, SaO2, SvO2, рН көрсеткіштері қалай және не себепті өзгереді. Жауабыңызды мәлімдеңіз.


24. 50 жастағы науқасты үйінде өспе дамыған асқазанынан кенеттен қатты қан кету әсерінен дамыған ауыл халдегі жағдайдан шығарғаннан кейін ӨЖВ аспабын қолдану арқылы жасалынған наркозбен гастроэктомия жасалынды. Шокқа қарсы ем қолдану және операция барысында науқасқа әртүрлі плазма ауыстырушылар (1 литр мөлшерінде) және екі күн сақталған 2,5 л донор қаны енгізілді. Операциядан соң 3-ші күні Hb мөлшері қалпына келгеніне қарамастан науқастың жағдайы ауыр халде қала берді: әлсіздік, бас ауыруы, бас айналуы, аяқ пен қолдарының терісі салқын, гипотензия (70/30 мм с.б.), сыртқы тыныс алудың ауыр бұзылыстары, бүйрек жеткіліксіздігі және сарғыштану (тері мен шырышты қабаттардың сарғыштануы). Науқас ӨЖВ аспабына ауыстырылды.

  1. Науқаста операциядан кейінгі 3-тәулікте қандай жағдай байқалды? Жауабыңызды мәлімдеңіз.

  2. Гипоксия дамуының себептері мен тетіктері қандай: а) операция алдындағы кезеңде, б) операция кезінде, в) операциядан кейінгі 3-тәулікте?

25. 56 жастағы науқас тез шаршағыштыққа, тоқтағаннан кейін басылатын, бірақ жүргенде қайталанатын балтыр бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, аяғының жансыздануына, «жыбырлауына», тыныштықта шаншитынына (парестезия) шағымданды. Науқас шылымды көп шегеді. Қарап тексергенде аяқ басының терісі бозғылт, құрғақ, ұстағанда салқын, тамыр соғысы тек екі аяқ басының үстіңгі бетінде ғана анықталса, артқы балтыр артерияларында анықталмайды. Алдын ала қойылған аңғарымы – «Бітелген (облитерирующий) эндартериит».



  1. Шеткері қанайналымының қандай бұзылысы туралы айтуға болады?

  2. Науқаста шеткері қанайналымы бұзылысының даму тетіктері қандай?

  3. Байқалған белгілерінің патогенезі қандай?

  4. Қандай жағымсыз салдарлары болуы мүмкін?

26. Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені және қол басы ұстағанда салқындығы анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық тексергенде вена тамырларының кеңейгені, қанағымының баяулағаны көрінеді.



  1. Шеткері қанайналымының қандай бұзылысы туралы айтуғаболады?

  2. Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің патогенезі қандай?

27. Балтырында флегмонасы бар науқасқа антибиотик енгізгеннен 20 минөттен соң мазасыздық, қорқу сезімі, қимылдық қозғыштық, басының қатты ауыруы, бетінің қызаруы, тершеңдік; АҚ 180/90 мм с.б., пульсі 120 рет минөтіне. Осыған байланысты дәрігер науқастың бөлмесіне барып, кереуетке жатуын талап етті. 20 минөттен соң науқастың жағдайы кенеттен нашарлай түсті: әлсіздік, бетінің бозаруы, демді шығарудың бұзылысымен сипатталатын ентігу сезімі, есінің көмескіленуі, клоникалық-тоникалық құрысулар; АҚ тез 75/55 мм с.б. дейін төмендеді. Науқасқа дәрігерлік жедел көмек көрсетілді.



  1. Антибиотик енгізгеннен кейін науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды? Жасаған тұжырымыңызға сәйкес мәліметтер келтіріңіз.

  2. Бұл дерттік үрдістің даму тетіктері қандай?

  3. Науқасты осы жағдайдан шығаратын дәрігерлік жедел көмектің шаралары қандай?

28. Тәжірибеге 3 қоян алынды. А қоянына көктамырына пирогенал енгізілді. А қоянынан 5 минуттан соң қан алынып, 5 мл сарысу дайындалып, В қоянының көктамырына енгізілді. 120 минуттан соң А қоянынан қан алынып, 5 мл сарысу дайындалды және С қоянының көктамырына енгізілді. Қояндардың дене температурасы өлшенді. С қоянында В қоянымен салыстырғанда сарысу енгізілгеннен кейін дене қызымы тез және айқын көтерілді. Не себепті?


29. 18 жастағы Михаил 6 сағат сағажайда болып, үйге келген соң әлсіздік, бас айналу, басының солқылдап ауырғанын, қалтырау, жүрегінің айнығанын сезді. 30 минөттен соң құсты, дене қызымы — 39 °C. Аспирин мен спазмалгон ішкенімен көмектеспеді, дене қызымы 37 °C-қа түскенімен, жағдайы одан әрі ауырлады, Михаил жедел жәрдем шақырды. Ауруханаға барар жолда ол есінен танды, сол себепті реанимация бөлімшесіне түсті.

  1. Науқаста дамыған дерттік үрдіс қалай аталады? Жауабыңызды негіздеңіз.

  2. Оның даму себептері мен сатылары және тетіктері қандай?

30. 7 жастағы балада манго шырынын ішкеннен 40 минөттен соң кенеттен жұмсақ таңдайында жұтынуға кедергі жасаушы тез үдемелі шектелген ісіну пайда болды, кейіннен ол дем алуға да кедергі келтірді. Ісінген аймақтағы шырышты қабат қызарған, ауырмайды; қанында – аздаған эозинофилия. Дене қызымы қалыпты. Сұрағанда үлкен әпкесінде бронх демікпесінің ұстамасы болғандығы анықталды.



  1. Науқаста қабынулық ісіну дамыды деуге бола ма?

  2. Егер болмаса, онда ісіну дамуы неге байланысты, ол қалай аталады?

  3. Аталған дерт түрінің патогенезі қандай?

  4. Аталған ісінуді өмірге қауіпті ісінулерге жатқызуға бола ма?

31. 1,5 жыл бұрын АЭС апатын қалпына келтіруге қатысқан 40 жастағы науқас В. дәрігерге айқын әлсіздікке, бас айналу, ұдайы аздаған қақырықпен «құрғақ» жөтелге шағымданып келді. 20 жыл бойы шеккен шылымын соңғы екі жылда тоқтатқан. Соңғы алты ай бойы бірнеше жұқпалы аурулармен, оның ішінде ринит, бронхит және пневмониямен ауырған. Бронхоскопия жасағанда басты оң бронхында өспе анықталды. Өспе тінін гистологиялық зерттегенде онда қатерлі өспе жасушалары анықталды.



  1. Қай фактор бронх өспесі дамуының мүмкіндік себебі болуы мүмкін? Жауабыңызды дәлелдеңіз.

  2. Канцероген әсеріне қай фактор тиімді лігін көрсетті? Олардың әсер ету тетіктері қандай?

  3. Науқаста антибластомды төзімділіктің қай механизмдері әсерленуі тиіс еді: - канцероген әсер еткенде? – бронх эпителий жасушасының гендік бағдарламасының «өспелік трансформациясы» үрдісінде? - өспе жасушалары пайда болғанда? Аталған науқаста олар неге жеткіліксіз болды?

32. 46 жастағы науқас жиі макрогематуриямен несеп шығаруына және жалпы қимылсыздыққа шағымданды. Цистоскопия жасалып, өспелік түзінді табылып, ол тіннен және айналасындағы шырышты қабаттан кесінді алынды. Биоптатты гистологиялық зерттеуде өспелік тіннің дұрыс орналасқан жасушалардан тұратындығы, бірақ арасында атипиялық жасушалардың да кездесетіндігі анықталды. Науқас он жылдан аса тоқыма комбинатында анилиндік бояулар қолданатын бояғыш цехта жұмыс істейді.



  1. Өспе дамуының мүмкіндік себебі қандай?

  2. Анилиндік бояғыштар қандай канцерогендерге жатады?

33. Науқас тез шаршағыштыққа, ұйқышылдыққа, қолдарындағы ауыру сезіміне шағымданады. Дене қызымы 38,30С. Қарап тексергенде сол қолының басбармағының тырнағы ұлғайған, қызарған, басқанда ауырады. Қанының жалпы талданымы:солға жылжыған нейтрофилдік лейкоцитоз (15х109/л), ЭТЖ 40 мм/сағ, жалпы нәруыз 77 г/л, альбумин/глобулиндік коэффициент – 0,9, СРН артқан.

1. Дерттік үрдісті және организмнің жалпы жағдайын сипаттаңыз

2.Қабынудың жергілікті белгілерін және олардың патогенезін анықтаңыз

3. Науқаста қабынудың қандай жалпы белгісі болуы мүмкін, олардың патогенезі қандай?

34. 42 жасар науқасқа ауруханада «декомпенсация сатысындағы миокардиодистрофия» аңғарымы қойылды. Науқастың дене бітімі қалыпты, теріасты шел қабаты нашар дамыған. Бойы-165 см., дене салмағы 81 кг. Қарап тексергенде: амалсыз отырған қалыпта, ентігу, акроцианоз, аяқтарының айқын бозаруы, өкпесінде іркілісті сырылдар естіледі. Құрсақ қуысында сұйықтық жиналғаны, бауыры үлкейгені анықталды. Жүректің соққылық және минуттық көлемі төмендеген, Ht 38%. Диурез төмендеген. Қанда ренин мен натрий деңгейі жоғарылаған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет