242
білдіреді.
Емшектен
ерте
шығарылған
бала
анасының
сҥтіндегі
сапалы
нәруыздардан
айырылып,
негізінен,
ересектер қоректенетін, кӛмірсуларынан тҧратын тағаммен
қоректендіріледі. Осыдан тым ерте сапалы нәруыздардан
айырылған балалардың ішкі ағзаларындағы нәруыздар тез
ыдыратылады. Сол себепті олардың денесінде қатты ісіну
пайда болады. Организмнің оған бейімделу мҥмкіншіліктері
тез арада таусылады. Содан бала ерте шетінеп кетеді.
Ауқаттық азғындау
баланың
толық ашығуының нәтижесінде
дамиды.
Бҧл
кезде
организмнің
ашығуға
икемделу
мҥмкіншіліктері
ҧзағырақ
болады.
Организмге
қажетті
энергия тҥзу ҥшін негізінен май тіні мен бҧлшықеттердің
нәруыздары пайдалынады да, ішкі ағзалардың нәруыздары
біршама уақыт қалыпты мӛлшерде сақталып қалады. Сол
себепті бҧлшықеттер мен май жасушаларының қатты семуі
болады, бірақ дененің ісінуі, ішкі ағзалардың нәруыздары
сақтағандықтан, ҧзақ мерзім байқалмайды. Ересек адамдар
толық ашыққанда, оған екіншілік жҧқпалар қосылмаса, ашығу
осы жолмен ӛтеді. Ал жас балалар толық ашыққанда ауқаттық
азғындау дамиды. Бҧл кезде глюкокортикоидтық гормондар,
соматостатин мен глюкагон тым кӛп ӛндіріледі. Олар
квашиоркор кезінде кӛбеймейді. Бҧл синдром кезінде
негізінен әлдостерон ӛндірілуі артады және әртҥрлі
цитокиндердің (кахексин) әсері кҥшейеді. Ол тропикалық
мемлекеттер
тҧрғындарының
балаларының
арасында
жиі
кездеседі.
Ашығудың бҧл келтірілген екі тҥрлерінде де тапшылықты
анемия, гиповитаминоздар байқалады. Қандағы әлбуминдердің
мӛлшері 35 г/л-ден, трансферриннің деңгейі 2 г/л-ден,
ретинолды байланыстыратын нәруыздың 0,03 г/л-ден тӛмендеуі
ішкі ағзалардың нәруыздарының таусылуын кӛрсетеді. Сонымен
қатар қанда лимфоциттердің азаюы, теріге аллергиялық
сынамалар жасағанда анергия болуы да жанама тҥрде осындай
ақпарат бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: