Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет378/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

ауқаттық-уытты алейкия 
(сепсистік баспа) болып есептеледі. Бҧл тҥрі қыста қар 
астында қалған (бидай, тары, сҧлы, қара бидай т.с.с.) 
дақылдарды тамаққа пайдалану нәтижесінде дамиды. Бҧл 
дақылдардың дәндері ерекше улы майда саңырауқҧлақтармен 
(fusarium 
sporotrichoides) 
зарарланады. 
Оларды 
пайдаланғаннан кейін ауызда қызу, кӛмейде ауыру сезімдері, 
жҥрек айну, қҧсу, әлсіздік, гасгроэнтерит кӛріністері 
пайда болады, дене қызуы кӛтерілуі мҥмкін. Бірінші кҥннен-
ақ лейкопения, нейтропения және тромбоцитопения дамиды. 
Бірінші 3-5 кҥннен кейін (2-ден 3-аптаға дейін) аурудың 
жасырын сатысы болады. Бірақ лейкопения 2-3 •10
9
/л-ге 
дейін кҥшейе тҥседі. Аурудың ҥшінші, 
баспалық-қанағыштық
сатысында дене қызуы кӛтеріледі, некроздық баспа дамиды, 
денеде қанайтын бӛртпелер пайда болыды, әртҥрлі қанаулар 
байқалады. Бҧл кезде гранулоциттердің саны қатты азайып, 
салыстырмалы 
лимфоцитоз 
(80-90%-ға 
дейін) 
дамиды, 


452
тромбоциттердің саны 50 •10
9
/л-ден тӛмен азаяды, анемия 
ҥдейді. Сҥйек кемігінде қан жасушаларының ӛндірілуі 
тежеледі. 
Лейкоздар
Лейкоздардың 
негізінде 
қан 
жасушаларын 
ӛндіру 
тіндерінің тҧтасқан ауыр гиперплазиялық (миелоидтық, 
лимфоидтық немесе эритробластық тіндердің) жҥйелік бҥлінуі 
жатады. 
Бҧл 
гиперплазия, 
лейкоцитоз, 
анемиялар 
кездеріндегі гиперплазияларға қарағанда, қайтымсыз және 
қан жасушаларының жетілуі мен кемелденуі қатты тежелуімен 
сипатталады. 
Қан ӛндіру тіндерінің ошақтары, сҥйек кемігінде ғана 
болмай, сау ересек адамдарда қан ӛндіруге қатыспайтын 
ағзаларда (бҥйректе, бауырда, ӛкпе, ішектерде, тері 
астында, бҥйрек ҥсті бездерінде т. б.) байқалады. Мҧны 
лейкемиялық метаплазия немесе экстрамедулярлық (сҥйек 
кемігінен тыс) қан ӛндірілу деп атайды. Лейкозға ҧшыраған 
қан ӛндіретін жасушалар ӛспе жасушалары сияқты жетілмеген 
жас тҥрлерінде болады және сау жасушалардан, қҧрылымы, 
қасиеттері бойынша, қатты алшақтанып кетеді. Былайша 
айтқанда, лейкоздық жасушаларда да, ӛспе жасушаларына тән, 
атипиялар 
(морфологиялық, 
биохимиялық, 
антигендік, 
физикалық-химиялық) байқалады (Ӛспені қараңыз). Сондықтан 
лейкоздар 
қан 
ӛндіру 
ағзаларында 
ӛспелер 
ретінде 
қарастырылады. Ӛйткені лейкоз кезінде қан ӛндіретін 
жасушалар шексіз ӛсіп-ӛнеді, олардың жетіліп-кемелденуі, 
нақтылануы бҧзылады, морфологиялық атипия байқалады. 
Сонымен қатар, кейбір химиялық ӛспе туындататын заттардың 
кӛмегімен тәжірибелік жануарларда (ақ тышқындарда) лейкоз 
алуға болады. 
Этиологиясы. 
Лейкоздардың 
этиологиясы 
әлі 
толық 
шешілмеген мәселе. Олардың пайда болуында химиялық 
әсерлердің, вирустардың, иондағыш сәулелердің маңызы 
белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет