Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет187/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

217
МЫС АЛМАСУЫНЫҢ БҦЗЫЛУЫ.
Мыстың 
организмдегі 
қалыпты 
мӛлшері 
70-80 
мг. 
Организмде мыс жеткіліксіз болғанда гемоглобин тҥзілуі 
бҧзылады 
және 
қантты 
диабет 
дамиды. 
Себебі 
мыс 
инсулиназаны тежейді. Сонымен қатар тіс кариесі дамуы 
мҥмкін. Егер мыс организмге артық мӛлшерде тҥсетін болса, 
онда бауырда цирроз дамиды және мыс тіндерде артық 
жиналып қалады. Соңғысын 
Вильсон ауруы
деп атайды. Мыс 
амин қышқылдарымен нашар еритін кешен қҧрады, ол мидың 
жасымық ядросында, бауыр, кӛкбауыр жасушаларында, кӛздің 
тор 
қабығында 
жиналады. 
Осы 
ағзаларда 
бҥліністік 
(дегенерациялық) ӛзгерістер және жарыққа қарай алмау 
пайда болады. 
КОБАЛЬТ АЛМАСУЫНЫҢ БҦЗЫЛУЫ.
Кобальттің организмдегі мӛлшері 4,3 мкг% - 35,4 мкг% 
аралығында, ал қанда 0,030 мкг% болады. Кобальт қорға 
жиналган темірдің гемоглобин қҧрамына ӛтуіне мҥмкіндік 
етеді, эритроциттердің ӛндірілуіне, олардың жетілген 
тҥрлерінің айналымдағы қанға тҥсуіне ықпал жасайды. 
Кобальт цианкобаламиннің (В
12
витамині) қҧрамына кіреді. 
Сондықтан, 
кобальттің 
организмдегі 
жеткіліксіздігі 
қатерлі (пернициоздық) анемияның дамуына әкеледі. Оның 
артық болуы полицитемияға және глюкагон ӛндірілуінің 
ӛзгерісіне әкелуі ықтимал. Кобальт 
организмге 
кӛп 
мӛлшерде тҥскенде, мысалы: кӛп сыра ішкенде, ӛйткені сыра 
кӛпіруі 
ҥшін 
кобальт 
қосылады, 
жҥрек 
қызметінің 
жеткіліксіздігі (кардиомиопатия) дамуы мҥмкін. 
МЫРЫШ АЛМАСУЫНЫҢ БҦЗЫЛУЫ.
Адам организмінде мырыштың мӛлшері 1,2 - 2,4 г болады. 
Ол 
кӛптеген 
ферменттердің, 
гормондардың 
(мысалы: 
инсулиннің, 
жыныстық 
гормондардың, 
гипофиз 
гормондарының), витаминдердің қҧрамына кіреді. Мырыш 
тапшылыгы кезінде бойдың ӛсуі тежеледі, гипогонадизм 
байқалады, 
зат 
алмасулары 
бҧзылады, 
инсулиннің 
жеткіліксіздігі 
пайда 
болады. 
Ӛйткені 
инсулиназа 
ферментінің 
белсенділігі 
кӛтерілуден 
ҧйқыбездің 
β-
жасушалары ӛндірген инсулин артық ыдыратылып кетеді, 
сонымен қатар мырыш жеткіліксіздігі карбоксипептидаза, 
сілтілік фосфатаза, алкогольдегидрогеназа, карбоангидраза 
ферменттерінің белсенділігін тежейді. Қантты диабет 
кезінде ҧйқы безінде мырыштың мӛлшері азаяды. Оның тәулік 
бойына қажеттілігі 5 мг. 
Мырыштың жеткіліксіздігі 
қҧрамында фитин қышқылы кӛп болатын дәнді дақылдардан 
дайындалған тағамды қабылдағанда пайда болады. Ӛйткені 
фитин қышқылы ішектерде мырыш тҧздарының сіңірілуіне 
бӛгет жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет