Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет25/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

биіктік ауруы
дамиды. 
Оның 
негізгі 
себебі 
болып 
организмге 
оттегінің 
жетіспеушілігі, 
содан 
қанның 
оттегіге 
қанықпауы 
(гипоксемия) есептеледі. Бҧндай жағдай биік таулардың 
шыңдарына шыққан адамдарда да байқалады. Бҧл кездегі 
организмнің дерттік ӛзгерістерін 
таулық ауру
дейді. 
Биіктік ауруын таулық аурудан ажырату қажет. Таулық ауру 
адамның тауға белгілі кҥш жҥмсап, біртіндеп кӛтерілуінен, 
ол бірнеше сағаттан немесе тәуліктен кейін дамиды. 
Биіктік ауруы ӛте тез дамиды және организмнің тым ауыр 
бҧзылыстарына әкеледі. Бҧл ауру кезінде биікке кӛтерілген 
адам ӛзінің жағдайын дҧрыс бағаламай, масаттанып, ешбір 
ауру белгілеріне шағым айтпайды және алғашқы секунд-
минуттардың ішінде есінен танып қалады. 
Таулық 
ауру 
екі 
сатыда 
ӛтеді. 
Бірінші 
сатысы 
теңгерілген, 
екінші 
сатысы 
теңгерілмеген 
делінеді. 
Теңгерілген сатысы 1000—4000 м. биіктікте байқалады. 
Демалатын ауада оттегінің ҥлестік қысымы азайғандықтан, 
артериалық қанда оттегінің деңгейі тӛмендеген, ішкі 
ағзалар 
мен 
тіндерге 
оның 
тасымалдануы 
бҧзылған. 
Сондықтан оларда зат алмасулары соңғы ӛнімдеріне дейін 
жҥрмей 
аралық 
қышқыл 
ӛнімдер 
жиналып 
қалады, 
метоболизмдік ацидоз дамиды. Осыдан оттегінің тапшылығы, 
жиналған қышқыл ӛнімдер қан тамырларындағы химиялық 
рецепторлар арқылы рефлекстік тҥрде мидағы тыныстық және 
тамырлардың қимылдық орталықтарын қоздырады: тыныс алу
жҥрек соғуы жиілейді. Бҧл кезде симпатикалық жҥйке 
жҥйесінің межеқуаты (тонусы) кӛтеріледі. Осыдан шеткері 
қан тамырларының, тегіс салалы ет жасушаларының жиырылуы, 
терінің 
бозаруы, 
артериалық 
қан 
қысымының 
аздап 
кӛтерілуі, 
қанның 
жиналған 
қорларынан 
тамырларға 
шығарылуы болады. Шеткі қанда эритроциттер кӛбейеді. Ары 
қарай сҥйек кемігінде эритроциттердің ӛндірілуі артады. 
Содан шеткері қанда олардың саны шынайы кӛбейеді және жас 
эритроциттер (ретикулоциттер) пайда болады. Сонымен бірге 
гемоглобин молекуласының оттегін байланыстыру қабілеті 
кӛтеріледі және тотыққан гемоглобиннің тіндерге оттегін 
беруін жеңілдетеді. Тіндерде заттар алмасуының анаэробтық 
жолмен жҥруі артады. Сол арқылы организм тіршілігіне 
қажетті азды-кӛпті қуат (АТФ, КрФ) ӛндіріледі. Бҧл 
келтірілгендер 
оттегінің 
жетіспеушілігіне 
қарсы 
бағытталған 
организмнің 
теңгеру-икемделу 
жолдарына 


37
жатады. Дегенмен, бҥл кезде орталық жҥйке жҥйесінде қозу 
ҥрдісі басым болады, адамның жӛнсіз қызбалығы, ӛз 
жағдайын дҥрыс бағалай алмаушылығы, қимыл-қозғалысының 
ҥйлесімсіздігі 
байқалады. 
Адам 
тоқмейілсіп, 
кӛп 
жағдайларға мән бермейді, араққа мас болған адамдай кӛңіл 
кҥйін шаттық билейді (эйфория). 
Ары қарай 5000 м биіктіктен астам кӛтерілгенде таулық 
аурудың теңгерілмеген сатысы дамиды. Бҧл кезде терең жиі 
тыныс алудың нәтижесінде организмнен СО
2
артық шығарылып 
кетеді. Қоректік заттардың толық тотықпауынан тіндерде 
СО
2
газының тҥзілуі азаяды. Осы екі жағдайдан организмде 
(қанда) СО
2
 
газының деңгейі тӛмендейді, гипокапния 
дамиды, газдық алкалоз байқалады. Сондықтан мидағы тыныс 
алу, қан тамырларының қимылдық т.с.с. орталықтардың 
қозымдылығы азаяды. Енді кӛңіл-кҥйдің кӛтеріңкілігі 
(эйфориясы) 
қатты 
тҥнжыраумен 
(депрессия) 
ауысады, 
орталық жҥйке жҥйесінің тежелуі болады. Бҧл кезде науқас 
адамның 
қимыл-қозғалысы 
азаяды, 
тез 
шаршағыштығы 
байқалады, барлық шартты, шартсыз рефлекстері жоғалады, 
ол терең ҧйқыға батады. Осыдан науқастың тыныс алуы 
сиреп, ҥзілісті (Чейн-стокс, Биот) тыныс алу пайда 
болады. Оттегінің жетіспеушілігінен, гапокапниядан және 
алкалоз дамуынан мидағы тыныс алу орталығының салдануы 
адамның ӛліміне әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет