331
дәрмектердің, иондағыш сәулелердің,
кортикостероидтық
гормондардың
әсерлерінен
дамиды.
Организмге
әртҥрлі
ауырпалықтар тҥскенде кӛрсетілген гормондардың ӛндірілуі
тым
кӛбейіп
кетеді.
Сонымен
бірге
иммундық
жҥйе
жасушаларының
белсенділігі
тӛмендеуі
олардың
сыртқы
беттерімен байланысатын немесе іштерінде жиналып қалатын
заттардың
әсерлерінен
де
байқалады.
Бҧл
заттарға
аутоантиденелерді, цАМФ, простагландиндерді т.б. қабыну
дәнекерлерін,
кейбір
цитокиндерді,
ӛспелерді
жоятын
факторды жатқызуға болады.
Осылармен қатар, салдарлық иммундық тапшылықтардың
дамуына әсерленетін немесе жауап қайтаратын (эффектор)
жасушалар мен тежегіш (супрессор) жасушалардың, CD4
+
және
CD8
+
корецепторлары бар Т-лимфоциттердің, Т
х
1 мен Т
х
2
жасушаларының арақатынастарының ӛзгерістері әкеледі. CD4
+
/ CD8
+
арақатынасы иммундық реттегіш кӛрсеткіші деп
аталады. Бҧл арақатынастың тӛмендеуі CD4
+
корецепторы бар
лимфоциттердің азаюынан немесе CD8
+
корецепторы бар
жасушалардың кӛбейіп кетуінен болады. Бірінші жағдай CD4
+
Т-хелпер (жәрдемші) жасушаларының азаюы айырша бездің
қызметі бҧзылудан байқалады. CD8
+
корецепторы бар
лимфоциттердің кӛбеюі супрессор (тежегіш) жасушалардың
артып кетуін кӛрсетеді. Т
х
1 және Т
х
2 тҥрлеріндегі
жәрдемші
(хелпер)
жасушалардың
арақатынасы
ӛзгеруі
иммундақ
қорғаныстың
жасушалық
немесе
сҧйықтық
тетіктерінің басымдылық жақтарын сипаттайды. Салдарлық
иммундық тапшылық дамуына жиі әкелетін аурулардың ішінде
ӛкпенің
созылмалы
бейспецификалық
дерттерін,
кейбір
эндокринопатияларды, кҥйіктік ауруын, бҥйрек қызметінің
созылмалы жеткіліксіздігін ерекше атауға болады. Жҧқпалы
аурулардың ішінде вирустық жҧқпалардың маңызы ӛте зор
болады. Ӛйткені вирустар Т-лимфоциттеріне ӛте ҥйір болып
келеді. Салдарлық иммундық тапшылық дамытатын арнайы вирус
бар. Оны адамның иммундық тапшылықтық вирусы (АИВ-1)
(ағылш. Human immunodeficiency virus –HIV-1) делінеді. Осы
вирустың әсерінен адамда жҥре пайда болған иммундық
тапшылықтық синдром (ЖИТС) дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: