Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


сезімталдығы кӛтерілген Т-лимфоциттер ӛндіріледі. Аллергендер сырттан енетін  экзогендік



Pdf көрінісі
бет281/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

338
сезімталдығы кӛтерілген Т-лимфоциттер ӛндіріледі.
Аллергендер сырттан енетін 
экзогендік 
және организмнің 
ӛзінде болатын 
эндогендік
болып ажыратылады.
Экзогендік аллергендерге: 
● ӛсімдік тектес (олардың тозаңдары, жемістері, 
сабақтары); 
● жануарлар тектес (қан сары суы, жҥн, тҥбіт, 
қайызғақ, шаш, т. б.); 
● тҧрмыстық (ҥй тозаңы, әсемдік бҧйымдар, кір жуатын 
ҧнтақтар т. б.); 
● тағамдық заттар (қҧлпынай, жҧмыртқа, жаңғақ, сҥт 
т.б.); 
● ӛндірістік заттар (никель, мырыш, хром т.б.); 
● дәрі-дәрмектер (антибиотиктер, витаминдер т.б.); 
бактериялар, вирустар, майда саңырауқҧлақтар т. б. 
жатады.
Бҧлар организмге тыныс алу, ас қорыту жолдарымен, 
тері, шырышты қабықтар арқылы және екпелермен тҥседі.
Эндогендік аллергендер
(немесе аутоаллергендер) табиғи 
(біріншілік) және жҥре пайда болған (салдарлық) болып 
бӛлінеді. Табиғи (біріншілік) аллергендерге организмнің 
ӛзінің кейбір қалыпты тіндері (кӛз бҧршағы, жҥйке тіні, 
қалқанша бездің коллоиды, атабез тіні т. б.) жатады. Жҥре 
пайда болған (салдарлық) аллергендер организмнің ӛзінің 
ӛзгерген тіндерінен пайда болады. Олар жҧқпалардан немесе 
бейинфекциялық әсерлерден болуы мҥмкін. Бейинфекциялық 
әсерлерге ыстық немесе суық температура, радийбелсенді 
сӛулелер, улы химиялық заттар, кейбір дәрі-дәрмектер 
т.с.с. жатады. Инфекциялық эндоаллергендер микробтардың 
немесе олардың уыттарының тіндермен кешендер қҧруынан 
болатын және вирустармен туындатылатын (аралық) антигендер 
болады. Бҧл кезде аллергендер жоғарыда кӛрсетілген 
әсерлерден 
организмнің 
ӛз 
тіндерінің 
нәруыздарынан 
қҧрылады. Олар нәруыздардың денатурациясы (лат. dеnаtuгаге 
- жаратылысын жоғалту, табиғи қасиеттерінен айрылуы) 
немесе детерминанттық (лат. detеrminare - анықтау) 
топтарын (эпитоптар делінеді) ӛзгертулері нәтижелерінде 
пайда болады. Организмде пайда болған аутоантигендер 
кӛптеген аутоаллергиялық аурулар дамуына әкеледі.
Сыртқы ортада гаптендердің мӛлшері кӛбейген, олар 
организмге тері, ас қорыту және тыныс алу ағзаларының 
шырышты қабықтары арқылы тҥседі. Қалыпты жағдайда бҧл 
тіндер бӛгде заттардың организмге ӛтуіне тосқауыл болады. 
Осы тосқауылдық қызметтің бҧзылуы аллергияның дамуында 
ҥлкен маңызды орын алады. Қазір терінің және шырышты 
қабықтардың тосқауылдық қызметтері сӛлденістік иммундық 


339
глобулин А-мен қамтамасыз етілетіні белгілі. Осы IgА-ның 
тҧқым қуатын және жҥре пайда болатын тапшылықтары 
бронхиалық демікпенің кейбір тҥрлерінің дамуында ӛте 
маңызды екені белгілі. Сонымен бірге автокӛліктердің 
сыртқа 
шығаратын 
газдары 
тыныс 
жолдарында 
шырышты 
қабықтардың жергілікті тӛзімділігін қамтамасыз ететін 
сурфактанттың 
тҥзілуі 
азаюына 
әкелетіні 
байқалды. 
Осылардың 
нәтижесінде 
тыныс 
ағзаларының 
шырышты 
қабықтарының 
ӛткізгіштігі 
жоғарылап, 
сыртқы 
ортадан 
организмге кӛптеген гаптендер тҥседі. Олар организмнің 
жасушаларымен және нәруыздарымен байланысқаннан кейін оның 
иммундық сезімталдығын кӛтеретін қасиет қабылдайды. 
Аллергияның жиілеуінде адамдардың қалай болса солай 
бақылаусыз 
дәрі-дәрмектерді 
(антибиотиктерді 
т. 
б.) 
қабылдауыныңда маңызы бар. Сонымен бірге, қазіргі кездегі 
жҧқпалы дерттерден алдын ала сақтандыру ҥшін қолданылатын 
екпелердің 
маңызы 
зор. 
Мәселен, 
кӛкжӛтелге 
қарсы 
пайдаланылатын екпе тіндердің гистаминге сезімталдығын 
кӛтереді, 
кеңірдекшелердің 
бета-адренергиялық 
рецепторларын тежейді, аллергиялық антиденелердің тҥзілуін 
арттырады. 
Сайып келгенде, аллергия дамуына септік жағдайлар 
болып: 
● тҧқым қуалаушылыққа бейімділік; 
● организм тосқауылдарының ӛткізгіштігі кӛтерілуі; 
● аллергия дәнекерлерін әсерсіздендіру жҥйелердің 
бҧзылыстары; 
● әлеуметтік ықпалдар (қоршаған ортаның ластанулары, 
екпелер жасау, дәрілерді қалай болса солай қабылдау 
т.с.с.) – есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет