Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Гипофизден тыс реттелудің бҧзылыстары



Pdf көрінісі
бет558/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   554   555   556   557   558   559   560   561   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Гипофизден тыс реттелудің бҧзылыстары
. Қалқаншасерік 
бездері, бҥйрек ҥсті бездерінің милық қабаты, ҧйқыбез т.б. 
бездер 
дербес 
жҥйке 
жҥйесімен 
(симпатикалық 
және 
парасимпатикалық 
жҥйкелермен) 
реттелінеді. 
Осындай 
реттелуді 
парагипофиздік 
немесе 
жҥйкелік-ӛткізгіштік 
реттелу дейді. Гипоталамус дербес жҥйке жҥйесінің негізгі 
орталығы 
болып 
саналады. 
Сондықтан 
ондағы 
дерттік 
ӛзгерістер кездерінде шеткері бездердің гипофизден тыс 
реттелу жолдары да бҧзылады. Осыдан қантты диабеттің 
кейбір тҥрлері дамуы ықтимал. 
Жҥйкелік-эндокриндік 
жҥйенің 
кері 
байланыстар 
негізінде 
ӛзін-ӛзі 
реттеу 
жолдарының 
бҧзылыстары. 
Эндокриндік жҥйенің қызметтері, жоғарыда келтірілген 
реттелулерден басқа, ӛзін-ӛзі реттеу жолдарымен де 
қамтамасыз етіледі. Шеткері эндокриндік бездер мен 
гипоталамус және гипофиз араларында бірінің қызметін бірі 
реттейтін кері байланыс заңдылығы болатыны белгілі (-
сурет). Бҧл заңдылық бойынша: шеткері эндокриндік без 
(мәселен, бҥйрек ҥсті бездері) гормонының (кортизолдың) 
қандағы деңгейі кӛбейгенде гипоталамуста сәйкес либериннің 
(кортиколибериннің) және аденогипофизде сәйкес тропиннің 
(кортикотропиннің) 
ӛндірілуі 
азаяды. 
Ал, 
керісінше, 
шеткері эндокриндік без гормонының қанда деңгейі азайғанда 
гипоталамус пен гипофизде сәйкес либерин мен тропиннің 
ӛндірілуі кӛбейеді. Осындай жағдай-ды 
кері байланыс 
заңдылығы
деп атайды. Бҧл заңдылық оң және теріс болуы 


664
мҥмкін. 
Жоғарыдағы 
келтірілген 
жағдай 
теріс 
кері 
байланыстың мысалы бола алады. Ал, оң кері байланысқа 
мысал 
ретінде 
алдыңғы 
гипофизде 
ӛндірілетін 
соматотропиннің 
шеткері 
қанда 
кӛбеюі 
гипоталамуста 
соматостатиннің ӛндірілуі кӛбеюіне әкелетінін кӛрсетуге 
болады. 
- сурет. Бездердің кері байланыс бойынша реттелуі (J. C. E. 
Underwood бойынша). 
Эндокриндік бездердің арасындағы кері байланыс ҧзын, 
қысқа және ультрақысқа болуы мҥмкін. Ҧзын кері байланыс 
деп шеткері эндокриндік без гормондарының гипоталамустың 
орталықтарына кері әсерін айтады. 
Кері 
байланыстың 
қысқа 
тізбегі 
деп 
гипофизде 
ӛндірілетін тропты гормонның (мысалы, кортикотропин) 
кӛбеюі гипоталамуста сәйкес либериннің (кортиколиберин) 
ӛндірілуін азайтуын, немесе керісінше, жағдайын айтады. 
«Ультрақысқа» тізбек бойынша гипоталамустың ішіндегі бір 
гормонның ӛндірілуі (соматолиберин) екінші гормонның 
(соматостатин) ӛндірілуіне әсер етеді. 
Кері байланыс жолдарымен реттелуге қатысатын заттардың 
тҥрлеріне қарай эндокриндік жҥйенің ӛзін-ӛзі реттеуі екі 
тҥрлі болады: 
● реттеуші зат болып шеткері қандағы гормондардың 
деңгейі есептеледі. Шеткері без гормонының қанда деңгейі 
кӛтерілуі 
гипоталамустағы 
либериндерді 
ӛндіретін 
нейрондардың белсенділігін тӛмендетеді. Сол себептен 
гипофизде тропиндердің және шеткері сәйкес без гормонының 
ӛндірілуі азаяды. Осылайша бҥйрек ҥсті бездерінің сыртқы 
қабаты, қалқаншабез және жыныс бездері гормондарының 
ӛндірілуі реттелінеді; 


665
● реттеуші зат болып, зат алмасу ӛнімдері, кейбір 
электролиттер 
есептеледі. 
Мәселен,, 
қанда 
глюкоза 
кӛбейгенде инсулиннің ӛндірілуі артады, Са
2+
иондары 
азайғанда қалқаншасерік бездерінің гормоны ӛндірілуі 
кӛбейеді. Натрий мен калий әлдостерон ӛндірілуін реттейді. 
Бҧл жағдайларда бездің белсенділігі реттеуші заттардың 
мӛлшерімен анықталады. 
Эндокриндік жҥйенің кері байланыс заңдылықтарын білу, 
олардың бҧзылыстарын ажырату ҥшін ӛте қажет. Мәселен, 
қантты диабетпен ауыратын екі науқас адамды тексергенде 
біреуінің қанында инсулин мен глюкозаның мӛлшері кӛбеюі, 
екіншісінде тек глюкозаның деңгейі кӛбейіп, инсулин 
қалыпты мӛлшерде болуы мҥмкін. Бҧл екі жағдайда да қанда 
глюкозаның кӛбеюі инсулиннің жетіспеушілігін кӛрсетеді. 
Бірақ, біріншісінде инсулиннің ӛндірілуі бҧзылмаған, 
сондықтан 
оның 
шеткері 
тіндердегі 
әсері 
тежелген 
(инсулинге тәуелсіз диабет) деуге болады. Ал, екіншісінде 
глюкоза 
мӛлшерінің 
кӛбеюі 
ҧйқыбез 
қызметінің 
жеткіліксіздігінен деген тҧжырымға әкеледі. 
Кері 
байланыс 
заңдылығына 
гормондармен 
емдеу 
кездерінде де баса назар аудару қажет. Бҧл жағдайда 
сырттан енгізілген гормон науқас адамның сәйкес безінің 
қызметін тежейді және ҧзақ енгізулердің нәтижесінде сол 
бездің 
семіп 
қалуы 
байқалады. 
Бҧл 
туралы 
кортикостероидтық, тиреоидтық, жыныстық т.б. гормондармен 
емдегенде естен шығармау керек. Ол гормондар ӛте жиі және 
ҧзақ емдеу ҥшін қолданылады. Осының нәтижесінде бҥйрек 
ҥсті бездерінің сыртқы қабатында атрофия дамиды. Мҧндай 
жағдайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   554   555   556   557   558   559   560   561   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет