Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Сыртқы орта ықпалдарының маңызы



Pdf көрінісі
бет81/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

 
Сыртқы орта ықпалдарының маңызы. 
Организмнің даралық 
реактивтілігінде сыртқы орта ықпалдарының да маңызы 
ҥлкен. 
Мәселен, 
суық 
қанды 
жануарлардың 
дене 
температурасын кӛтеру арқылы олардың реактивтілігін 
жоғарылатуға болады. Бҧл жағдайларда кесірткелерде
қалыпты жағдайларда дамымайтын, анафилаксияны, бақаларда 
сіреспені (столбняк), камфоралық эпилепсия ҧстамасын 
алуға болады. Дене температурасын тӛмендету (гипотермия) 
арқылы гипоксияға, механикалық жарақаттың әсерлеріне 
организмнің тӛзімділігін кӛтеруге болады. 
Сыртқы 
ортаның 
адамға 
әсер 
етуі 
әлеуметтік
ықпалдармен қабаттасады. Қазіргі ӛндірістерде — «адам-
машина» сияқты жаңа арақатынастардың пайда болуына 
байланысты адам организмінің реактивтілігі ӛзгереді. 
Ӛндірістік ҥрдістердің қарқынына адамның ілесе алмауы 
себепті әртҥрлі жан-дҥниелік ӛзгерістер, жарақаттанулар 
пайда 
болуы 
мҥмкін. 
Жҧмыста 
және 
отбасында 
микроәлеуметтік 
қатынастардың 
бҧзылуы 
адамда 
ойсоққылықтар (эмоциялық стресстер) дамытады. Бҧлардың 
барлығы организм реактивтілігінің ӛзгеруіне әкеледі. 


98
Сонымен қатар сыртқы ортаның иондағыш сәулелермен, 
химиялық 
улы 
заттармен 
ластанулары 
организм 
реактивтілігіне 
ҥлкен 
әсер 
етеді. 
Автокӛліктердің 
шығаратын улы газдарының зардабынан адамдардың вирустар 
мен микробтарга қарсы тӛзімділігі азаяды. Осыдан ірі 
қала тҧрғындарының арасында тыныс жолдары мен ӛкпе, жҥрек 
аурулары жиі кездеседі. 
Әлемде жылына 1 миллионнан астам тонна пестицидтер 
ӛндіріледі. Хлорорганикалық пестицидтер сыртқы ортада 10 
жылдан астам ыдырамай сақталып қалады. Адам денесіне 
тҥсіп олар барлық ағзалардың қызметтерін бҧзады. Адам 
денсаулығына 
тигізетін 
олардың 
зияндары, 
кейбір 
ғалымдардың пікірлері бойынша, радийбелсенді заттардың 
зардабынан бірде-бір кем тҥспейді. 
Даралық реактивтілік адамның 
жасына 
байланысты болады. 
Осыдан: ерте балалық жастағы реактивтіліктің тӛмен болуы, 
организмнің 
кемелденуіне 
байланысты 
реактивтіліктің 
жоғарылауы және қартайған организмнің реактивтілігі 
қайтадан тӛмендеуі байқалады.
Ерте балалық шақтағы реактивтіліктің тӛмен болуы мына 
жағдайларга байланысты: 
● сыртқы және ішкі биологиялық тосқауылдардың толық 
жетілмеуіне; 
● жҥйке және эндокриндік жҥйелердің жетілмеуіне; 
● иммундық жҥйенің толық дамымауына. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет