Лекция жеке тұЛҒа тәрбиесінің Әдіснамалық негіздері тәрбие философиясы



бет1/15
Дата07.02.2022
өлшемі56,82 Kb.
#96011
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
7-лекция. Педагогика. Тәрбие (1)


7-лекция


ЖЕКЕ ТҰЛҒА ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



    1. Тәрбие философиясы

Шығыстың ғұлама ойшылы әл-Фараби «Адамға ең бірінші тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне және қоғамға үлкен апат әкеледі»,- деген тұжырымы қоғам алдына үлкен жауапкершілікті мақсат етіп қояды. ХХІ ғасырдың сұранысы әлемдік білім көшіне ілесе алатын, құзыретті тұлғаның қалыптастыруға бағытталған.


Тәрбие философиясы тұлғаның өздігінен дамуын мәдениеттендіру мен әлеуметтендіруді біртұтас тұрғыда қарастырады. Адамның даралық қасиеті оның құндылық сипатын көрсетеді. Сол даралық сипаты өзгелердің назарына ілініп, төңірегіндегі адамдар сол қасиеттері үшін оны құрметтейді. Баланың мінезін қалыптастыру үшін ата-ана мен мұғалім оның жалпы дамуымен қатар, ішкі жан дүниесіне де күшті ықпал етуі тиіс. Адамның жеке тұлғалық қасиетінің жетілуі оның өзін-өзі құрметтеуіне, өмірде табысқа жетуіне тәрбиелейді.
Адамды педагогикалық тұрғыдан табиғи, әлеуметтік, тарихи, белсенді мүше ретінде түсінуде педагогиканың негізгі категориялары тәрбие, білім, оқыту, құзыреттілік және т.б. негізгі орын алады. Тәрбиенің педагогиканың категориялары қатарындағы орны - тәрбиенің тарихилығының айқындалуы, мақсаты, міндетіне, әдіс - тәсілдеріне сәйкес мазмұнын жүйелі құра білу, бірізді, сабақтастықта ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мәдени дәстүрлер тәрбие үдерісіне жаңашыл көзқарастармен енгізе отырып, тұлға бойындағы ізгілік қасиеттерді оның іс – әрекеті, қарым - қатынас, мінез – құлқында көрініс табуына бағытталады. Қазіргі таңда тәрбиенің әдіснамалық негіздері тәрбие парадигмасына қоғамның дамуына байланысты өзгеріп отыратын жаңашыл әдіс тәсілдерді, ұстанымдарды, тұғырларды қажет ететін зерттеу әрекеттерін қалыптастыру мүддесін негізге алады.
Адамның дамуындағы және оның тұлға ретінде қалыптасуындағы биологиялық, әлеуметтік арақатынас тұжырымдамасы қалыптасты.
Жеке тұлға біртұтас құрылым. Сондықтанда оны бойындағы барлық сапаларымен кешенді түрде қарастыру керек. Тұлғаның ішкі көзқарасы тұлғаның мінез-құлық әрекетінде ашылады. Әдетте адам қалай тәрбиеленген болса, солай әрекет етеді. Сонымен бірге педагог тәрбиеленушілік ситуация туғызу әдісі сияқты мінез-құлықты айқындаудың диагностикалық тиімді тәсілін де қолданады. Ол екі міндетті бірлікте шешуге мүмкіндік береді: талап ететін сапалардың даму деңгейін диагностикалау; осы сапаларды тәрбиелеу.
Тәрбиелеуші жағдаят – табиғи немесе тәрбиеленуші әрекет етуге және өзінің әрекеттерінде өз бойындағы белгілі бір сапалардың қалыптасу деңгейін көрсетуге мәжбүр болуға әдейі жасаған жағдай.
Соңғы жылдары педагогикада проблемалық тәрбиелеуші жағдайларды жасауға көңіл бөлуде. Осылайша балалар алға қойылған мәселені шешуге мәжбүр, ал тәрбиеші бұл кезеңде ұжымның және оның әрбір мүшесінің қандай жағдайда болатынын айқындап, нәтижесінде тәрбиелік үрдісті дұрыс құратын болады.
Тәрбиелік баға негізіне оның жекелеген сапалары емес, тұлғаның жалпы адамгершілік бағыттылығы жатқызылуы керектігін әрқашан есте сақтаған жөн.
Мұғалім мен оқушылар арасындағы бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас құралы ретінде. Мектептегі педагогтар мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас бүкіл қоғамдық, саяси, құқықтық, моральдық қатынастарды қамтып, педагогтың басшылығымен бағыты айқындалып, шешімін тауып отырады. Мектептегі педагогтар мен оқушылар арасындағы қалыпты қарым-қатынас ізгілікті немесе басқа сөзбен айтар болсақ, педагогикалық мақсатты қатынастар болып аталады. Мұндай қарым-қатынастың орнығуы тәрбиеліктің нәтижесін көрсетеді, ол оқушылардың педагогтың беделін, құқын, тәжірибесін құрметтеп, мүмкіндігінше сондай педагогқа ұқсауға еліктейді.
Мұғалім оқу үдерісінде, оқу бағдарламаларын іске асыру барысында оқушылармен өзара қатынастарын нығайтады. Онда оқушылардың оқу ісіне, еңбекке оқушылармен саналы қарым-қатынасын қалыптастыру көзделеді. Мұғалім оқушылардың өзіндік қызметі мен белсенділігін арттырып, олардың әлеуметтік тәжірибесін ізгілік негізінде дамытады. Оқушының өзіндік өмірлік ұстанымы қалыптаспай, кез келген күрделі жағдайда, адамгершілікке негізделген шешім қабылдай алмайды. Педагог осы жағдайды педагогикалық үдерісті басқару ісінде ескеруі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет