Лекция жеке тұЛҒа тәрбиесінің Әдіснамалық негіздері тәрбие философиясы



бет7/15
Дата07.02.2022
өлшемі56,82 Kb.
#96011
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
7-лекция. Педагогика. Тәрбие (1)
Қола дәуірі тайпалар шаруашылығы, Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының өзара байланысы. Әртүрлі жастағы оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің ерекшеліктері, Аннотация Махабхарата” және “Рамаяна, «Мәңгілік ел» идеясының ұстанымдары, Ежелгі Арабия мәдениеті, Ежелгі Парсы Мәдениеті мен Діні, Ежелгі дәуірдегі Қазақстан тарихының тарихнамасы, Эмоция мен сезім түрлері, Эмоция мен сезім түрлері, Очерки по истории Алаш Орды, Ми қызметiнiң патологиясы және ерiктiк әрекеттiң бұзылуы, Тарихшы Е Бекмахановтың, 1897 жылғы халық санағы бойынша қазақтардың саны құрамы, Тевкелев
Дарындылықты анықтау критерийлеріне тұлғаның білімді толық игеруі, тапсырылған жұмысты сапалы орындауы, тақырып бойынша өз ойын еркін айта алуы, алынған білімдерді өз бетінше дамыта білуі; өзіне-өзі талап қоя білуі, материалды игеруде табандылық, алынған білімді әр сабақ сайын дамыту; өз ойларын баяндағанда ғылыми дәлеледеуі, ғылыми жобалармен шұғылданғанда өз бетінше іздене алуы, тапсырылған жұмысты сапалы орындауы, іс - әрекеттегі, қарым - қатынаста мәдениеттілігі жатады.
Интеллект ұғымы адамның қабілеті ретінде түсіндірілсе де ол басқа қабілеттер арқылы іске асырылады: таным, оқу, логикалық ойлау, талдау арқылы ақпараттарды жүйелеу, олардың қолдану аясын анықтау, заңдылықтары мен ерекшеліктерін табу, ұқсас ақпараттармен салыстыру т.с.с. Адамның интеллектісінің маңызды сапаларына оның талаптылығы, ойының тереңдігі, жылдамдығы, логикалық ойлау, ойлаудың дәлдігі, сын тұрғысынан ойлауы, ойының кеңдігі, интуицияның дамығандығы жатады. Интеллект феноменін толық түсіну үшін оны көпдеңгейлі құрылым ретінде қарастыру керек. Себебі оны генетикалық, әлеуметтік, іс-әрекеттік, феноменологиялық т.б. тұрғылардан қарастыруға болатыны белгілі. Осы тұрғыларға сәйкес интеллекттің көпдеңгейлік құрылымын көрсететін мынандай анықтамаларын атап өтуге болады:

  • әлеуметтік тұрғыдан қарастырғанда интеллект – әлеуметтенудің және тұтас мәдениеттің ықпалының нәтижесі;

  • генетикалық тұрғыдан, интеллект – адамның қоршаған әлеммен табиғи жағдайда әрекеттесу талаптарына бейімделу салдары;

  • процессуалды-іс-әрекеттік тұрғыдан, интеллект – адам іс-әрекетінің ерекше формасы;

  • дидактикалық тұрғыдан, интеллект – мақсатқа бағытталған оқыту үдерісі;

  • ақпараттық тұрғыдан, интеллект – ақпаратты өңдеудің элементарлық үрдістер жиынтығы;

  • феноменологиялық тұрғыдан, интеллект – сана мазмұнының ерекше формасы;

  • құрылымдық-деңгейлік тұрғыдан, интеллект – түрлі деңгейдегі танымдық үдерістер жүйесі;

  • регуляторлық тұрғыдан, интеллект – өзін-өзі түзету факторы.

Ал қазіргі таңда кәсіби білім беру саласында интеллекттің төрт негізгі түрі маңызды болып табылады. Интеллекттің түрлері: жалпы, әлеуметтік, эмоционалдық, тәжірибелік интеллект.

  1. Жалпы интеллект – кез-келген өмірдегі өзекті мәселені танып білу мен шешуге қатысты жалпы қабілет. Индивидтің танымдық үдерісте-рінің жүйесі (ойлау, сезіну, қабылдау, жадына сақтау, қиялдау, елестету және т.б.) негізінде жатқан таным мен мәселелерді шешудің жалпы қабілеттілігі.

  2. Әлеуметтік интеллект – адамдардың білімдері мен әлеуметтік жағдайларын және оларды әлеуметтік өзара әрекеттесуде шешу дағдысын анықтауға мүмкіндік беретін білім, білік немесе дағыдыны меңгерген, тұлғалық белгілерінің жоғарылығымен ажыратылатын таным түрі.

  3. Эмоционалдық (әсершіл) интеллект – эмоциямен берілген ақпараттарды қайтадан өндіру және адамдардың өзара қарым-қатынасы барысында ойлану және шешім қабылдау үшін эмоционалды ақпараттарды негіз ретінде пайдалану қабілеті.

4.Тәжірибелік интеллект – тұлғаның кәсіби қызмет барысында білімін тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін кәсіптік қызметтің мазмұнды (білімділік) және процессуалды (тәжірибелік) интегративті сипаттамасы негізінде тәжірибе жинақтауы.



    1. Интеллектуалды тұлға әлеуетін қалыптастырудың әлемдік тәжірибелері. Интеллектуалды ұлттың әлеуетін қалыптастыруда әлемдік тәжірибелерге талдау жасау барысында зерделегеніміз алыс және жақын шетелдерде интеллектуалды ұлтты қалыптастыру мәселесі интеллектуалды тұлғаны дамыту мен қалыптастыру, адами капитал тұрғысынан зерттеледі.

Интеллектуалды ұлттың әлеуетін қалыптастыруда Еуропа елдері 20 жыл бұрын интеллектуалды қоғамды құруды өз алдарына мемлекеттік деңгейде негізгі мақсат етіп қойды. Франция мен Германия мемлекеттерін алатын болсақ, осы елдерде Еуропа Одағына кірудің бірден-бір себепкері - интеллектуалды тұлға мен ұлттың әлеуетін қалыптастырудағы көзқарастары.
Еуропа елдеріндегі интеллектуалдық қорлардың басты идеялары, көрсеткіші ретінде білім мен ғылым дамуына ықпал етерлік факторларды, рухани-мәдени құндылықтар мен этикалық нормаларды айқындау маңызды саналады. «Интеллектуалды азамат» қалыптасуы жолында олардың қоғамдық санасына ықпал етерлік қоршаған ортаның тынысы мен болмысын танып білу де маңызды рөл атқарады.
Жалпы алып қарайтын болсақ, интеллектуалды тұлғаның қалыптасуына алғаш болып зерттеген және эксперимент жүргізген Дж.П. Гилфорд пен В.Циммерман. Олар тұлға қалыптасуының тұжырымдамасы мен тұлғаның интеллектуалды әлеуетінің қалыптасуының алғышартын жасауға алғаш болып көңіл бөлді. Тұлғаның интеллектуалды әлеуетін қалыптасуының алғышарты: жалпы белсенділік (энергиялық, іс-әрекеттің лездігі, іс-әрекетке деген құштарлық); басымдылық (инициативтілік, өз сөзін, ісін дәлелдей білу, т.б.); батылдық; өзіне деген сенімділік; салқынқандылық; көпшіл; армандағыш; эмоционалдық; әділдік; қанағатшылдық.
Интеллектуалды тұлғаның әлеуетін қалыптастыру мәселесіне Германия елінде аса мән берілгені белгілі. «Тұлға» ұғымын ғылымға алғашқылардың бірі болып неміс еліне енгізген Альберт Эйнштеин. Ол 1932 жылы Германияның Нюцберг қаласында өткізілген Бүкіл немістік ғылыми-тәжірибелік практикумда тұлға, тұлғаны қалыптастырудағы мемлекет пен ғылымның ролін және де тұлғаның мемлекетке деген қажеттілігін дәлеледеп тұрып, ғылыми айналымға енгізді. Ал интеллектуалды тұлға ұғымын Сабина Бергман-Поль енгізген болатын. Оның «Неміс халқы» еңбегі бүкілхалықтық сайлауда мемлекеттік жоба ретінде ұсынылды. Сол еңбекте былай деп жазылған: «Мемлекеттің басты қозғаушы және жұмысшы күші-халық. Халыққа бар жағдай жасалуда. Ал халықтың мемлекетке беруі тек салық емес. Сонымен қатар өзін «Неміс еліне» лайықты ету. Сондықтан да Бундес елінде интеллектісі жоғары ғана адам болуы керек. Егер адам интеллект болса, ол өмірдің барлық қыр-сырын қамтыды деп айтсақ болады».
Неміс елі өз елін сауаттандыру жұмысына ертеден аса көңіл бөлген белгілі. Гештальдтпсихология өз жұмысын ХХ ғасырдың басында бастады. Психология мектебінің басты мақсаты – Бундес елінің әрбір азаматынан тұлға, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру болатын. Жалпы неміс елінде адамдарды психологиялық тұрғыдан дайындап, жетілдіру мектеп кезеңінен басталса да, балабақшаларында арнайы психологиялық кабинеттер жұмыс істеді. Яғни, бұл адамдарды туғаннан бастап тұлғалыққа, өзін-өзі басқаруға үйретеді.
Интеллект тұлға қалыптастыру әрбір елдің жетістікке қол жетуінің алғышарты деп санаймыз. Германияның белгілі педагогы Иоганн Песталоцци тұлғаны қалыптастыру мақсатында өз оқушылары арасында тәжірибе жүргізген. Ғалым «Тұлғаны қалыптастыру бұл бір күндік немесе бір жылдық мәселе емес, ол жылдар бойы ізденістер мен талпыныстардың нәтижесі, кез-келген тұлғадан интеллектуалды тұлғаны қалыптастыруға болады, тек оған ол өмір сүрген әлеуметтік орта соған лайық болу керек» ,- дейді.
Оның ізбасары Джуан Гордез: «Егер интеллект тұлғаны қалыптастыру үдерісі бір күндік немесе бір жылдық мәселе болмаса, онда интеллектуалды ұлтты қалыптастыру үшін тіпті ондаған жылдардан астам уақыт керек», -деп тұжырымдайды. Бұл орайда, неміс елі ХХ ғасырдың орта шебінен бастап интеллект тұлғаны қалыптастыруды қолға алды. Неміс ғалымдарының зерттеулері бойынша білім мен ғылымды, өндірісті дамытуда, қазіргі күні неміс елін «интеллектуалды қоғам» деп айтуға әбден болады. Ал сол ұлттың әрбір адамы – интеллектуалды тұлға. Себебі- адам ұлт құраушысы.
Франция елі интеллект тұлғаны қалыптастыру тәжірибелерін ерте бастап кетпесе де, айтарлықтай дәрежеге жетіп отыр. Себебі, белгілі француз гуманисті Жету Морен айтқандай, «интеллектуалды ұлтты тек интеллектуалды мемлекет жасайды» деген қағиданы негізге алған франция елінің басқармасы жыл сайын қызметкерлермен тест өткізеді. Осы тесттің негізі: білімділік; сыпайылық; тәртіпке бағынушылық; жұмысқа деген ынта; тәрбиелік; қоғамдық жұмысқа қатынасуы; еліне тигізген үлесі. Егер осы 7 ұстанымның біреуін орындай алмаса, жұмыстан белгілі бір уақытқа шығарылады.
Осы орайда Жак Ширактың еңбегіне де тоқталып кету қажет. Себебі, Жак Ширактың басқару кезеңінде көптеген оқу орындары ашылып, азаматтардың білім және рухани азық алуына барынша мүмкіндіктер жасалды. Жак Ширак француз елін «Тұлғалы ел» қатарына жеткізді.
Жалпы алғанда, Франция елінің интеллектуалды әлеуеті қалыптасқан ұлт деп атауға көптеген зерттеу нәтижелері дәлел бола алады. Себебі, 2007 жылғы американдық «Нью Йорк Таймс» газеті жүргізген блиц-сұрағында ең сыпайы ел болып Франция елін атайды. Респондеттердің 62% француз елін өте сыпайы, ұқыпты деп сыпаттады, 21% ағылшындарды айтса, тек 9% неміс еліне беріледі. Қалған 8% американ, голланд және жапондарды атады. Ең көп кітап оқитын ел сұрағына сұралған респонденттердің 76% қытай елін атаса, 22% француз елін атады. Қалған 2% неміс пен жапондарды атайды.
Белгілі француз социологы Оскар Мерузо интеллектуалдар туралы «Интеллект болу – әр біреуге тән болмас қасиет деп айта алмаймын. Бірақ, интеллектуалды тұлға болу кез-келген адамның қолында. Нағыз интеллектуал көп сөйлемей байыбын табады», - деп тұжырымдайды. Француз қоғам қайраткері Ороон Меже белгілі француз журналына берген субхатында «Менің ойымша, әрбір адам интеллект бола алады», - деуінен, әрбір адам интеллектуалды тұлға бола алса, онда ол қоғам интеллектуалды ұлттың әлеуетін құра алатыны дау туғызбайды.
Қазақстанның осы елдер қатарына кіруіне мол мүмкіндік бар. Жоғарыда мақалаға нысан еткен мемлекеттер де оңай өткелдерден өтпеді. Жак Ширак француз елін «Тұлғалы ел» қатарына жеткізді. «Мемлекеттің басты қозғаушы және жұмысшы күші-халық»,- дей келе, неміс халқы «Неміс елі» деген атқа лайықты ие болды. Осы елдер халық болып жұмылып, алға қойған мақсаттарына жетті.
Ал, біз Қазақ елі «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық бағдарламасында және «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгілеген мақсаттарға сай интеллектуалды ұлт болу және «Қазақ елі», «Қазақстан мемлекеті» деген ұлы атқа ие болу мүмкіндігі қоғамдағы болып жатқан тарихи, мәдени - рухани қозғалыстар нақты дәлел бола алады.
Қазақ еліндегі интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы даму үдерісін алыс және жақын шет елдерде жүргізілген тәжірибелерге салыстырмалы талдау жасау барысында біздегі қоғамдағы даму үдерісінің нақты айқын жолды таңдағанын көріп отырмыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет