Лекция жеке тұЛҒа тәрбиесінің Әдіснамалық негіздері тәрбие философиясы


Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері



бет4/15
Дата07.02.2022
өлшемі56,82 Kb.
#96011
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
7-лекция. Педагогика. Тәрбие (1)
Қола дәуірі тайпалар шаруашылығы, Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының өзара байланысы. Әртүрлі жастағы оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің ерекшеліктері, Аннотация Махабхарата” және “Рамаяна, «Мәңгілік ел» идеясының ұстанымдары, Ежелгі Арабия мәдениеті, Ежелгі Парсы Мәдениеті мен Діні, Ежелгі дәуірдегі Қазақстан тарихының тарихнамасы, Эмоция мен сезім түрлері, Эмоция мен сезім түрлері, Очерки по истории Алаш Орды, Ми қызметiнiң патологиясы және ерiктiк әрекеттiң бұзылуы, Тарихшы Е Бекмахановтың, 1897 жылғы халық санағы бойынша қазақтардың саны құрамы, Тевкелев
4.4 Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері

Педагогика баланың дамуын – өте нәзік, күрделі диалектикалық процесс деп қарастырады. Баланың ойлау, сөйлеу, сезім, сияқты психикалық процестерінде бірте-бірте өзгерістер пайда болады. Осының нәтижесінде баланың ақыл-ойы дамудың жаңа кезеңіне көшеді.


Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері, жастық кезеңдерге сипаттама беретін болсақ балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне қарай балалық шақты төмендегідей жас кезеңдерге бөлінеді:

  1. жаңа туған бала (1-2 ай);

  2. нәрестелік шақ (1-2 айдан 1жасқа дейін);

  3. ерте сәбилік шақ (1-3 жастар);

  4. мектеп алды балалық шақ (4-5 жастар);

  5. бастауыш мектеп (6 -10 жастар);

  6. жеткіншек шағы (11-16 жастар);

  7. жасөспірімдік шақ ( 17-18 жастар).

Әр жастағы баланың өсіп-жетілу дәрежесін білу мұғалімдерге оқу-тәрбие жұмысының әдістерін дұрыс таңдап алуға, оқушылардың ішкі жан дүниесін, мінез-құлқының ерекшеліктерін жақсы түсінуге көмектеседі. Мұғалім балалардың жас ерекшеліктерін, типтік сипатын мінез-құлқына сәйкес жете білуі қажет. Жеке адамның дүниені сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді.
Темперамент деп жеке адамның қылығы мен түрлі әрекеттерінен көрінетін дара өзгешелігін атайды. Психология ғылымында темпераментті төрт типке бөліп сипаттайды:
Холерик – эмоциялық қызуы шапшаң, күшті болады. Бірақ сезім жүйелері ауытқып тез көтерілетін шыдамсыз, өкпелегіш және ашуланғыш болып келеді.
Сангвиник – эмоциялық қызуы шапшаң, күшті, бірақ көп тұрақтанбайды, ол қызулы, жеңілтек келеді, бір немесе бірнеше іске бірдей кіріседі, іс үстінде тез суып, бастаған істі аяқсыз қалдырады. Уәдені көп беріп, кейде оны орындаудан бас тартады.
Меланхолик – эмоциялық қызуы шабан, тұрақты. Ол момақан, тұйық, жасқаншақ, мінезі баяу, көңілі жабырқау, кейде үрейленіп жүреді. Өзін ұжымнан оқшау ұстайды, іске бірден кіріспейді, бастап кетсе аяқтап шығады.
Флегматик – эмоциялық қозуы әлсіз. Ол байсалды, сылбыр мінезді, орнықты, кісімен араласпайды, тыныштықты сүйеді, іске баяу кіріседі, бірақ тиянақты орындайды.
Бала денесінің өсіп-жетілуінің негізгі көрсеткіштері: бойының өсуі, салмағының артуы, бұлшық етінің шынығуы, ұлғаюы. Өсіп, дамып келе жатқан организмде болатын барлық өзгерістерді нерв жүйесі мен секреция бездерінің қызметі реттеп отырады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – орталық нерв жүйесі. Өйткені, адамның психикалық әрекеттері осы орталық нерв жүйесіне байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет