Лекция жеке тұЛҒа тәрбиесінің Әдіснамалық негіздері тәрбие философиясы


Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білімін бағалау жүйесі



бет14/15
Дата07.02.2022
өлшемі56,82 Kb.
#96011
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
7-лекция. Педагогика. Тәрбие (1)

Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білімін бағалау жүйесі. Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бағалау жүйесі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік құралда нақты көрсетілген. Білім беру саласында мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары және олар орындауы қажет міндеттері тең болуының маңыздылығына баса назар аударылған. Осы орайда, олардың жетістіктерін бағалаудың негізгі мазмұны шектеуді, яғни бұзылысты (көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, әлеуметтік-эмоциялық сала) ескере отырып, қалыпты дамыған балалармен бірдей болуы қажет. Бұл жағдайда бағалануы керек:

  • арнайы оқу дағдыларының қалыптасқандығы, мысалы, көру бұзылыстары бар балалардың Л. Брайль шрифтін меңгеріп және/немесе тегіс баспалы шрифтпен жазу мен оқу;

  • білім беру салалары бойынша құзырет: ауызша және жазбаша коммуникацияны қолдану, саналы оқу мен жазуға қабілетті болу; математикалық білімнің элементтерін практикалық қолдану іскерлігі, олардың өмірге қажетті мәнін түсіну және т.с.с.;

  • әлеуметтік-тұлғалық нәтижелерді бағалау: өз күшін адекватты бағалай алу, физикалық жүктемеде, медициналық препараттарды қолданғанда, аз таныс заттық-кеңістіктік ортада (бөлмеде, көшеде) өз бетінше қозғалу кезінде ненің болатынын және болмайтынын түсіну.

Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар түлектері, оның қатарында есту, көру қабілетінде, тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген түлектер алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат алады.
ҚБТ қағидалары барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, оның ішінде мүгедек балалар, I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек болып табылатын білім алушылар үшін қолданылады. Тестілеу бойынша оқуға ниет білдірген білім алушылар білім беру ұйымы басшысының атына растаушы құжаттарды ұсына отырып, оқуда ҚБТ пайдалану мүмкіндігі туралы уәждемелі негіздемелері бар еркін түрде өтініш жазады. Мүгедек балаларға ҚБТ бойынша оқу процесіне қатысу мүмкіндігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ұсынымдарын береді. Жалпы білім беру ұйымдарында ҚБТ бойынша оқыту бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу жоспарлары бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі болып табылады. Жергілікті атқарушы орган негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет