Лекция жеке тұЛҒа тәрбиесінің Әдіснамалық негіздері тәрбие философиясы


Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдары және олардың арақатынасы



бет3/15
Дата07.02.2022
өлшемі56,82 Kb.
#96011
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
7-лекция. Педагогика. Тәрбие (1)
Қола дәуірі тайпалар шаруашылығы, Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының өзара байланысы. Әртүрлі жастағы оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің ерекшеліктері, Аннотация Махабхарата” және “Рамаяна, «Мәңгілік ел» идеясының ұстанымдары, Ежелгі Арабия мәдениеті, Ежелгі Парсы Мәдениеті мен Діні, Ежелгі дәуірдегі Қазақстан тарихының тарихнамасы, Эмоция мен сезім түрлері, Эмоция мен сезім түрлері, Очерки по истории Алаш Орды, Ми қызметiнiң патологиясы және ерiктiк әрекеттiң бұзылуы, Тарихшы Е Бекмахановтың, 1897 жылғы халық санағы бойынша қазақтардың саны құрамы, Тевкелев
4.3 Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдары және олардың арақатынасы. Педагогика ғылымында тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, оқыту, дамыту, қалыптастыру, әлеуметтендіру, табыстылық, тұлғаның құзыреттілігі т.б. негізгі категориялары мен ұғымдары болып табылатыны белгілі.
Тәрбие үдерісінде тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» бір - бірімен тығыз байланыста дамиды. Даму дегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеуметтік ортада болады. Адам биологиялық жанды зат ретінде дүниеге келеді де, ол даму үрдісінде әлеуметтік қызметтерді (өмірге, адамдарға, еңбекке, тұтастай қоғамға қатысты, т.б.) атқару арқылы ғана тұлға болып қалыптасады. Тәрбие әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда қоғам бақылайтын және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі.
Тәрбие туралы түсінікке баланың жеке басының қалыптасуы мен дербес ерекшеліктерін ескерумен іске асырылатын толық қанды және толық құқылы тұлға тәрбиелеуге болады деп тануды талап ететін және педагогикалық үдерістің субьектісі ретінде тұлғаның қоғамдағы жаңа ұстанымы орнығады.
Тұлғаның қалыптасуы ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өз тағдырына өзі үкім ете білуі және өзінің қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін меңгерген, сонымен бірге құндылық атаулыны тұрақты таңдай алу сияқты дамудың шартты түрдегі жетістіктері жатады. Тұлғаның қалыптасуы – тұлғаның шындықпен өзара әрекеті барысындағы өзгеріске түсу үдерісі және оның дене құрылысы мен әлеуметтік-психологиялық жаңаруындағы өзгерістердің пайда болуы.
Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында тәрбие ортадан дамуына қажетті материалды іріктейді; жағымсыз ықпалдардан шығу жолдарын іздестіреді; оқушының мүмкіншілігін анықтайды, ашады, табиғи нышандарының дамуына жағдай жасайды.
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі көптеген идеяларға негізделеді: адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту; ересек адамдар мен балалардың бірлесу іс-әрекеттерінің ынтымақтастығы, мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігі, мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуы, ата-аналармен мен мұғаліммен ынтымақтастық, өзін-өзі құрметтеу идеясы , өзін-өзі тәрбиелеу т.б.
Тәрбие адамның ішкі жан дүниесіне ұнамды қозғау салып, өзіндік өңдеу белсенділігін арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметін орындай алғаны.
Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуін және тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.
Балада табиғаттан, тумысынан жалпы адамдарға тән сөйлеу мәдениеті және жеке өз басына байланысты әртүрлі нышандар қоры, табиғи қасиеттері жеке адамның өзіндік мүмкіншіліктерін құрайды, солар арқылы түрлі қабілеттіліктердің қалыптасуы басталады.
Табиғи мүмкіншіліктер адамның әлеуметтік өмір әрекеттерінің барысында дамиды. Адамның өмір сүру ортасы болмаған жағдайда табиғи нышандардың, қабілеттіліктер мен бейімділіктердің де күші жойылады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор, ол – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық, дағдысына бағытталған жұмыс. Егер тәрбие жеткіліксіз, әлсіз болса, баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
Жеке тұлға дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған орта, тәрбие – сыртқы әсерлер. Сыртқы әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен толғаныстардың жиынтығы – ішкі әсерлерге жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы – осы екі фактордың байланысынан пайда болады.
Тұлғаны әлеуметтендіру біріккен қарым-қатынас іс-әрекет барысында қалыптасады. Педагог кез келген қызметке кірісуі үшін алдын ала қойылатын талаптарды ескереді. Педагогикалық талапты орындау ғана педагогикалық мақсатты қатынастардың нәтижелі болуын қамтамасыз етіп қоймайды. Балалар ұжымындағы шағын топтардың пікірі мен беретін бағасы және іс-қылықтары да маңызды.
Тұлғаны әлеуметтендіруде әлеуметтік тұрғыда отбасына әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, психологиялық және педагогикалық, баланы отбасына тәрбиеге алған отбасына қолдау көрсету, көп балалы және мүгедек балалы отбасы балаларының денсаулығын нығайтуға көмектесу негігі орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет