1
Практикалық жұмыс № 2. Негізгі қорларды бағалау, тозу. Негізгі
қорлардың амортизациясын есептеу тәсілі
Мақсаты: неізгі қорлардың бағалануын
білу және амортизациялық әр
түрлі тәсілмен есептеп шығару.
1.1
Қысқаша теориялық бөлім
Негізгі қорды бағалау – бұл олардың бағасын ақшалай тұрғыдан қарау
болып табылады. Шаруашылықта негізі қорларды бағалаудың төмендегідей
түрлері болады:
1)
Бастапқы (баланс), Ф
баст
– көлік шығыны, монтаж және жөнге келтіру
т.б. шығындарын қосқандағы көрсетілген негізгі қордың бағасы.
2)
Қалпына келтіру, Ф
қалпына
келтіру
– бүгінгі жағдайға байланысты, негізгі
қордың өндірістен қазіргі шығару элементтерінің бағасы.
3)
Қалдық бағасы, Ф
қалдық
– негізгі қордың бастапқы бағасынан тозу
шығынын алып тастау. Қалдық баға негізгі қордың дайын өнімге әлі кірмеген
бағасының бөлігі.
4)
Жою бағасы, Ф
жою
– өндірістен босатылған техниканы сату бағасы.
Негізгі қорлар өндірісте пайдаланылғанда тозады.
Негізгі қорлар
физикалық тозу кезінде өзінің пайданлану бағасын жоғалтады, яғни технико-
экономикалық және еңбек процестерінде, табиғат күшіне байланысты, негізгі
қорларды пайдаланбаған жағдайда, әлеуметтік сипаттамасы нашарлайды.
Моральды тозу кезінде физикалық тозудан ерте болады, яғни негізгі
қорлар әлі де пайдалануға болатын болса да, оның пайдалануы экономикалық
көзқараспен қарағанда тиімсіз болады. Негізгі
қорлардың тозуын қалпына
келтіру үшін, амортизациондық қор пайдаланылады. Бұл қор амортизациялық
жарнадан қалыптасады.
Амортизация – шығарылған өнімге негізгі қордың бағасын біртіндеп
енгізу. Осыған байланысты ақшалай қаражатты жинап, негізгі қордың тозған
бөлігін қалпына келтіру болып табылады.
Амортизацияның ақшалай түрі негізгі қордың тозу дәрежесіне сәйкес
келеді; бұл амортизациялық жарна деп саналады. Амортизацияның нормасына
сәйкес, олар ай сайын есептеліп отырады. Негізгі қордың баланс бағасы немесе
баланста тұрған инвентарлық объектілердің бағасына байланысты табылады.
Амортизациялық норма дегеніміз, Н
а
– жыл сайын амортизациялық жарнаның
сомасын табатын, негізгі қордың қалпына келтіру
бағасының белгіленген
пайызы.
Амортизацияны қалпына келтіру тәсілі.
1)
Жыл сайын, бағаның өзгермейтін бөлігі, теңделген үлеспен өнімге
енгізіліп отыруын – біркелкілік тәсіл деп атайды.
А=(Ф
баст
-Ф
жою
)/Т,
(3.1)
бұл жерде Т – негізгі қорлардың пайдалану мерзімі.
Бұның артықшылығы, бірден капиталды жинау, бұл есептеуге де және
тәжірибе жүзінде де іске асыруға ыңғайлы. Бұл
тәсілдің кемшілігі негізгі
құралдардың тек қана пайдалану мерзімін есепке алады. Физикалық, моралды
тозуды есепке аламайды.
2)
Жылдамдатып істен шығару – негізгі құралдарды бірінші жылы
пайдалануда амортизация жарнасының сомасын көбейтіп, ал кейінгі жылдары
олардың сомасын төмендету болып табылады. Бұл негізі құралдарды
жандандыруға керекті қаражат көзін алу жолы. Бұған кіретіндер:
а) азайтылу қалдық тәсілі.
Бұл тәсіл бойынша, амортизациялық норма екі есе көбейтіледі және тек
қана қалдық бағаға ғана қолданылады. Жою бағасы соңғы пайдалану жылғы
амортизацияны есептегенде, есепке кіреді.
б) сандар қосындысы тәсілі, көрсеткіш S:
,
(3.2)
бұл жерде N – қызмет істеу жылдарының қосындысы.
Жылдық амортизациялық жарнаның
сомасы төмендегі формуламен
есептелінеді:
,
(3.3)
бұл жерде - жұмыс істеу мерзіміне дейін қалған жыл саны;
– жою бағасын ескергендегі негізі өндіріс қорының бағасы.
в) амортизацияны өндіріс тәсілі арқылы есептеу.
Амортизациялық жарна құралдарының тек қана пайдалану кезінде
есептелінеді. Әуелі амортизация жарнасы пайдалану мерзімі кезінде
есептелінеді.
Бас кезінде амортизация жарнасының көлемі
жұмыстың бірлік санына
есептелінеді. Содан кейін жылдың амортизация жарнасы, жұмыстың бірлік
санын олардың абсолютті көлеміне көбейту арқылы табылады. Амортизация
жарнасы ай сайын 1/12 жылдық сомасының көлемінде есептелінеді.