Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет135/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

 
Майлардың 
ыдыратылуы 
мен 
сіңірілуінің 
бұзылыстары.
 
Ішектерде тағамдық май сіңірілуі үшін: 
● оның қалқыма түрге айналуы немесе эмульсиялануы
(лат. еmulsus — сұйықта заттың ерімеген майда тамшылары 
араласқан жағдайда сақталу түрі);


156
● глицерин мен май қышқылдарына ыдырауы;
● өт қышқылдармен байланысқан қосындылар (холеинаттар) 
құруы - қажет. Сондықтан ұлтабарға өт түспеуі немесе оның 
тым аз түсуі майлардың сіңірілуіне тікелей әсер етеді. Өт 
жолдарының бітелуі, өт қабының қабынуы (холецистит) және 
өт шығарылу бұзылыстарымен сипатталатын бауырдың кейбір 
аурулары 
кездерінде 
тағамдық 
май, 
қалқыма 
түрге 
айналмауынан, сіңірілмейді. 
Ұйқы безінің ферменттері (панкреатит, ұйқы безінің 
некрозы т.с.с. кездерінде) өндіріліп шығарылмағанда 
немесе тым аз шығарылғанында ұлтабарда майлардың май 
қышқылдарына, глицеринге дейін ыдыратылуы, содан олардың 
сіңірілуі бұзылады. Сонымен қатар майлардың сіңірілуінің 
бұзылуы ішектердің шырышты қабықтарындағы эпителий 
жасушаларының қызметі төмендегенде немесе ашішектің толқи 
жиырылуы күшейгенде болады. Бұндай жағдайлар энтериттер, 
А және В гиповитаминоздар кездерінде байқалады. Ішек 
қабырғаларында 
фосфорлану 
үрдістері 
бұзылғанда 
(монойодсірке қышқылымен, флоридзинмен улану кездерінде
бүйрек 
үсті 
бездерінің 
сыртқы 
қабатының 
жеткіліксіздігінде 
майлардың 
сіңірілуі 
төмендейді. 
Тамақтың құрамында Са
2+
, Мg
2+
иондары көп болғанда, 
олармен май қышқылдарының ерімейтін тұздары құрылады да, 
майдың сіңірілуі азаяды. 
Сіңірілмеген май негізінен ішектер арқылы, аз мөлшерде 
май және тер бездерімен тері арқылы, сыртқа шығарылады. 
Май сіңірілуі бұзылуынан үлкен дәретте ыдырамаған май мен 
күрделі май қышқылдары көбейеді, ол ақсұр түсті болады. 
Бұндай жағдайды 
стеаторея 
(грек. stear- май, грек. гһео - 
ағу) дейді. 
Май бездерімен тері арқылы майдың артық шығарылуы 
(себорея — май ағу) кейбір тері ауруларында (безеу, 
экзема және авитаминоздар кездерінде) кездеседі. 
Май сіңірілуінің бұзылуы көптеген жағымсыз жағдайларға 
әкеледі. Қалыпты жағдайда организмде көмірсулардың алмасу 
өнімдерінен майлар мен липоидтер түзіледі. Осыған қарамай 
тағамда май міндетті түрде болуы қажет. Өйткені майлармен 
бірге майда еритін тіршілікке қажетті витаминдер А, Д, Е, 
К сіңіріледі. Сондықтан тамақпен организмге май түспесе 
көрсетілген витаминдердің жеткіліксіздігі дамиды. Сонымен 
қатар 
табиғи 
майлардың 
құрамына 
организмде 
алмастырылмайтын 
қанықпаған 
күрделі 
май 
қышқылдары 
(мысалы, линол-С
18
Н
32
О
2
және линолен-С
І8
НзоО

қышқылдары) 
кіреді. 
Олар 
басқа 
май 
қышқылдарынан 
организмде 
түзілмейді. Организмде олардын жеткіліксіздігінен терінің 


157
созылмалы (некроздық т. б.) аурулары дамиды. 
Майлардың ферменттік ыдырауының бұзылуы көмірсулар мен 
нәруыздардың ішектерде ыдыратылуына теріс әсер етеді. Бұл 
жағдайларда нәруыздар майлармен қоршалып, оларға ішек 
сөлінің протеолиздік ферменттерінің әсері әлсірейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет