170
қызметтік көрсеткіштері нашарлайды.
♣ гипоталамус қалыпты дене салмағын азсынып,
арықтауға қарсы жауап қайтарады;
♣ гипофизде тиреотропин өндірілуі азаюдан гипотиреоз
дамиды. Содан бұндай адамдардың суыққа төзімділігі
төмендейді;
♣ негізгі алмасу төмендейді;
♣ әсіресе әйелдердің жыныстық қабілеті азаяды,
етеккір келу оралымының бұзылыстары байқалады. Өйткені
адипоциттерде эстрогендер түзілуі азайған;
♣ арықтау үшін еркінен тыс қоректену адамның жан-
дүниелік күйзелістеріне әкеледі;
♣
кейбір
адамдарда
лейкопения,
брадикардия,
гипотензия дамиды;
♣ қатты арықтаудың нәтижесінде иммунитет әлсіреуі
мүмкін.
Осы келтірілгендерге байланысты семірудің бұл түрін
емдеу қоректенуді азайту мен емдік гимнастикаларға ғана
бағытталып қоймауы керек. Негізгі патогенездік емшаралар
организмде лептиннің деңгейін көтеруге бағытталғаны жөн.
Сонымен
липостаздық
жүйеде
гипоталамус,
ішек
гормондары, бүйрек үсті бездері, ұйқыбездің β-жасушалары
және май тіні аралық қатынастарының маңызы өте зор.
Олардың өзара әсерлері дене салмағының тұрақтылығын және
организмнің метаболизмдік мұқтаждығына сәйкес қоректену
тәртібін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: