Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Газдық емес ацидозға организмнің икемделіп-бейімделу



Pdf көрінісі
бет197/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Газдық емес ацидозға организмнің икемделіп-бейімделу 
жолдары: 
♣ қышқыл өнімдердің артығы жасуша аралық сұйықпен 
жартылай 
бейтарапталады. 
Артынан 
бұл 
өнімдер 
гидрокарбонаттармен (NaHCO
3
) әрекеттеседі. Содан көмір 
қышқылы және бейтарапталған қышқылдың натрий тұзы босап 
шығады. Қан плазмасында гидрокарбонаттардың мөлшері 
азаяды. Бұл газдық емес (метаболизмдік) ацидозға тән 
көрсеткіш болып келеді. Олардың азаюы эритроциттерден қан 
плазмасына шығарылған НСО

‾ 
мөлшерімен біршама 
теңгеріледі; 
♣ көмір қышқылы қанда басым болып кетеді. Артық Н
2
СОз 
карбоангидраза 
ферментінің 
әсерімен 
суға 
және 
көмірқышқылы газға ыдырайды. Көмірқышқылы газы тыныс алу 
орталығын қоздырып, тыныс алу жиілеуінен организмнен 
сыртқа шығарылады. Бірақ, артынан қанда СО
2
азаюы тыныс 
алу орталығының және тамырлардың қимылдық орталығының 
тежелуіне әкелуі мүмкін; 
♣ артық сутегінің иондары эритроциттерге және тін 
жасушаларына ауысып, олардан калий иондары, сүйектерден 
натрий мен кальций иондары босап шығады. Осыдан қан 
сұйығында калий, натрий, кальций иондарының деңгейі 
көтеріледі; 
♣ сутегінің артығы қан нәруыздарымен бейтарапталады. 
Газдық емес ацидозды теңгеру жолдарында, өкпенің 
гипервентиляциясына қарағанда, бүйректің қызметі шамалы 
болады. Өйткені бұл кезде қанда көмірқышқылы газдың 
үлестік қысымы (рСО

) төмендеген. Осыдан бүйрек 
өзекшелерінің эпителий жасушаларынан Н 

иондарының 
несепке шығарылуы және НСО
3

несептен кері қанға 
сіңірілуі азаяды. Несептің титрлік қышқылдығы артады. 
Өйткені ацидоз туындатқан ауада ұшпайтын органикалық 
қышқылдардың (кетондық денелер, сүт қышқылы т.б.) және 
аммоний тұздарының несеппен сыртқа шығарылуы көбейеді.. 
Осылардың нәтижесінде ацидоз теңгерілген болады. 
Дегенмен бүл кезде қышқылдық-сілтілік көрсеткіштерде 
айқын 
өзгерістер 
байқалады 
(стандарттық 
гидрокарбонаттардың мөлшері қан плазмасында біршама 
азаяды) (14-кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет