Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет199/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

ГАЗДЫҚ АЛКАЛОЗ.
Газдық алкалоз өкпенің гипервентиляциясы кезінде 
көмірқышқылы газы организмнен артық шығарылып кетуі 
нәтижесінде (биіктік ауру, қызба, анемиялар кездерінде т. 


230
б.) дамиды. Осыдан организмде гидрокарбонат иондарының 
басым 
болып 
кетуі 
байқалады. 
Бұл 
кезде 
өкпе 
ұяшықтарындағы ауада және қанда рСО
2
қатты азаяды. СО
2
-ның 
қанда азаюын 
гипокапния
дейді. Бұл тыныс алу орталығының 
қозымдылығы төмендеуіне әкеледі. Осыдан тыныс алу сиреп, 
СО
2
организмде 
ұсталады. 
Гипокапния 
кезінде 
эритроциттерден хлор иондары қан сұйығына ауысады. Олар 
гидрокарбонаттан 
натрийді 
ығыстырып, 
НСОз

деңгейі 
көтерілуіне 
әкеледі. 
Қанда 
СО
2
азайғанда 
бүйрек 
түтікшелерінде натрий иондарының кері сіңірілуі тежеліп, 
сутегі иондарының секрециясы азаяды. Несеппен сілтілік 
өнімдердің шығарылуы артады. Сонымен бірге газдық 
алкалозды теңгеру үшін қанның нәруыздық буфері қатысады. 
Нәруыздар сілтілік заттарды байланыстырып, Н
+
-иондарын 
босатады. Н

иондары жасушалардан да босайды. Осылардың 
нәтижесінде көмір қышқылының гидрокарбонатқа қатынасы 
қалыпты деңгейде сақталады. Бұл алкалоз ұзақ мерзімде 
теңгерілген болады. Бұл теңгерілу жолдары жеткіліксіз 
болғанда немесе олар тым әлсіреп кеткенде қанның 
реакциясы сілтілік жаққа ығысады, теңгерілмеген алкалоз 
дамиды, рН деңгейі 7,45-тен жоғары көтеріледі (14-кесте). 
Газдық алкалоз кезіндегі организмнің бұзылыстары 
негізінен 
гипокапния 
дамуына 
байланысты 
болады. 
Гипокапнияның нәтижесінде: 
♣ тыныс алу орталығының қозымдылығы төмендеп, тіпті 
үзілісті тыныс дамуы мүмкін; 
♣ қан тамырларының қимылдық орталығы тежеледі, 
артериялық қысым төмендейді, жүректің минөттік және 
соққылық көлемі азаяды;
♣ қанның жартылай корларында жиналып қалуынан, 
айналымдағы қанның көлемі азаяды, артериалық және 
көктамырлық қысым төмендейді; 
♣ мида гипоксия дамиды;
♣ натрий мен калий иондары несеппен артық шығарылуынан 
қанда осмостық қысым төмендейді. Содан несеп шығарылуы 
көбейіп, организмнің сусыздануы байқалады. 
Бұл алкалозды емдеу негізінде тыныс алу орталығының 
жоғары қозымдылығын азайту, тыныс алу үшін СО
2
бар газдық 
құрамдар беру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет