Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Жұқпа қоздырғыштарына организмнің қорғанып-бейімделу



Pdf көрінісі
бет309/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жұқпа қоздырғыштарына организмнің қорғанып-бейімделу 
жолдары. 
Организнің қорғану тетіктері спецификалық және 
бейспецификалық болып екіге ажыратылады. 
Бейспецификалық тетіктеріне: 
● терінің, шырышты қабықтардың т.б. тіндердің 
тосқауылдық және бактерияларды жоятын қызметтері
● нейтрофилдер мен макрофагтардың микробтарды жеп қоюы 
(фагоцитозы); 
● биологиялық сұйықтардың бактерияларды жоятын немесе 
олардың өсіп-өнуін тоқтататын тетіктері (лизоцим, 
пропердин, лактоферин, лизиндер, интерферондар,
комплемент құрамбөлшектері т.б.); 


368
● рефлекстік қорғаныстық серпілістер (түшкіру, құсу, 
жөтелу, шырыш шығару) – жатады. 
Арнайыланған қорғаныстық тетіктер. 
Жұқпалы үрдістер кездеріндегі ең нәтижелі қорғаныстық 
тетік 
болып 
иммундық 
серпілістер 
есептеледі. 
Микроорганизмдердің 
құрамында 
көптеген 
антигендік 
анықтағыштар (эпитоптар) болады. Иммундық жүйе соларды 
бөтен текті зат ретінде таниды да, иммунитеттің сұйықтық 
және жасушалық тетіктерін дамытады. Содан әр микробтың 
жеке түріне ғана қарсы арнайыланған төтемелілік байқалады. 
Бұл кезде организмге жаңадан енген микробқа қарсы 
арнайыланған антиденелер өндіріледі, ал бұрынғы кездескен 
микробтарға бұрын дамыған иммунитетті жаңғыртып, қарсы 
тұрады. 
Иммундық жауаптың түрі микробтың организмге ену жолына 
және оның түріне, ерекшелігіне байланысты болады. 
Сырттан 
енетін 
дерт 
туындататын 
ең 
тұрпайы 
микроорганизмдерге 
приондар 
жатады. 
Оларда 
нуклеин 
қышқылдары болмайды. Приондар сүт қоректі жануарлар мен 
адамдарда қан сорғыш жәндіктермен тасымалданатын ми 
бүліністерін (энцефалопатиялар) дамытады. Бұл кезде ми 
сыңарларында және мишықта амилоидтық түйіндақтар жиналып 
қалады. Содан бұл жасушаларда көпіршікті бүліністер дамып, 
олардың семуі болады. Бұл дерт ұзақ уақыт байқалмай
артынан тез өршіп, адамның өліміне әкеледі. 
Приондарға 
организмнің 
иммундық 
жүйесінің 
толық 
шыдамдылығы (толеранттығы) болып, оларға қарсы иммунитет 
дамымайды. Сондықтан олардан организм қорғана алмайды. Оны 
приондардың нәруыздарының тін нәруыздарына ұқсастығымен 
байланыстырады. 
Вирустар. 
Вирустардың организмге ену қақпаларында
қанға 
түсуінде, 
нысана-жасушаларға 
жабысуында 
және 
жасушаларға енуінде оларға қарсы иммундық жауап төрт түрлі 
болады. 
 Ену жолдарында
(шырышты қабықтар мен теріде) олар 
сөлденістік 
А-иммундық 
глобулиндермен 
және 
интерферондармен шабуылданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет