Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Гипоплазиялық немесе аплазиялық анемиялар



Pdf көрінісі
бет371/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Гипоплазиялық немесе аплазиялық анемиялар
Қан 
өндірілудің, 
әсіресе 
миелопоэздің, 
қатты 
төмендеуімен көрінетін сүйек кемігінің гипоплазиясы мен 
аплазиясы 
көрсетілген 
анемиялардың 
дамуына 
әкеледі. 
Олардың себептері тұқым қуатын және жүре пайда болған 
болып ажыратылады. Тұқым қуатын аплазиялық анемияны алғаш 
1927 жылы Фанкони ашып, жариялады. Бұл анемия 
Фанкони 
анемиясы
делінеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа аутосомдық-бәсеңкі 
жолмен беріледі және қан өндіретін барлық жасушалардың 
кемістігі байқалады. Бұл анемиямен ауыратын балалардың 
бойы өсуі тежеледі, қолының бас бармағы болмайды немесе 
тым кішкентай болады, жыныс бездерінің жетілмеуі, қаңқа 
сүйектерінің ауытқулары, ішек-қарын жолдарында, жүрек-қан 
тамырлар 
жүйесінде 
ақаулар 
дамуы 
т.б. 
өзгерістер 
байқалады. 
Сүйек кемігінде тек эритроциттер өндірілуінің тұқым 
қуатын жеткіліксіздігінен дамитын анемияны 
Даймонд Блэкфан 
анемиясы
дейді. Бұл кезде, шеткері қанда ретикулоциттердің 
қатты азаюымен көрінетін, макроциттік немесе нормоциттік 
анемия 
дамиды. 
Сүйек 
кемігінде 
эритроидтық 
тіннің 
гипоплазиясы байқалады. Ал, лейкоциттер мен тромбоциттер 


442
өндіретін тіндер қалыпты болып, олардың саны шеткері қанда 
өзгермейді. Бұл анемия ұрпақтан ұрпаққа аутосомдық-бәсеңкі 
немесе үстем түрлерде беріледі. Артынан ағзалар мен 
тіндерде темір иондарының тым көп жиналып қалуынан
сепсис, миелоидтық лейкоз дамуымен көрінетін асқынулар 
пайда болуы мүмкін. 
Жүре пайда болған гипо- немесе аплазиялық анемиялар: 
● иондағыш сәулелердің; 
● 
химиялық 
(мәселен, 
бензол, 
тринитротолуол, 
инсектицидтер т.б.) улы заттардың; 
● дәрілердің (индометацин, бутадион, сульфаниламидтер
левомицетин, аминазин, цитостатиктер т. б.); 
● 
вирустардың 
(Эпштейн-Барр 
вирусы, 
инфекциялық 
мононуклеоз, 
адамның 
иммундық 
тапшылықты 
вирусы, 
гепатиттің А,В,С емес вирустары т.б.); 
● иммундық дерттердің (гипоиммуноглобулинемия, тимома, 
айырша бездің обыр өспесі, «трансплантат иесіне қарсы» 
ауруы т.б.) - әсерлерінен дамиды. Сонымен бірге, ұзаққа 
созылған созылмалы анемиялар сүйек кемігінің гипо-немесе 
аплазиясы дамуына әкелуі ықтимал. 
Патогенезі. 
Көрсетілген 
себепкер 
ықпалдардың 
әсерлерінен: 
● сүйек кемігіндегі бағаналық жасушаларда нуклеин 
қышқылдары мен нәруыздардың түзілуі бұзылады; 
● 
бағаналық 
жасушалардың 
айналасында 
физикалық- 
химиялық құбылыс- тардың өзгерістерінен, олардың өсіп-өнуі 
бөгеледі; 
● олардың аутоиммундық үрдістермен бүлінуі немесе 
жойылуы байқалады; 
Көпшілік жағдайларда сүйек 
кемігінің бүліністері 
иммундық тетіктерден байланысты дамиды. Сүйек кемігінде 
және шеткері қанда әсерленген цитотоксиндік Т-лимфоциттер 
жиі табылады. Олар γ-интерферон, өспелерді жоятын α-фактор 
т.б. жасушалардың өсіп-өнуін тежейтін цитокиндер өндіреді. 
Осыдан қан өндіретін нысана жасушаларда апоптоз дамып, 
гемопоез 
тежеледі.
 
Сүйек 
кемігінде 
миелоидтық 
жасушалардың, соның ішінде эритрокариоциттердің қатты 
азаюы болады да, лимфоидтық жасушалар көбейіп кетеді. 
Сүйек кемігін май басып кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет