Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет116/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

дезадаптациялық 
аурулар
- деп атайды. Сол себептен стрестің бұл екі жағын 
ажырата білу қажет. Стресс организмнің адаптациясына 
жағымды ықпал етіп тұрған жағдайда оны әртүрлі әдістермен 
мүмкіншілігі болғанша қолдау қажет. Ол үшін денені шамалы 
физикалық жүктемелерге жаттықтыру, суық сумен шайыну 
арқылы төмен температураға шынықтыру т. с. с. әсерлердің 
қажеттігін кеңінен пайдалану керек. Тым артық стресс 
дезадаптациялық аурулардың дамуына әкелетін жағдайларда 
стреске қарсы пайдалануға дәл келетін емдеу тәсілдерін 
қолдану пайдалы. Ол үшін адамның көңіл-күйін, бойындағы 
күш-қуатын қалпына келтіретін жағдай жасап, витаминдер
антиоксиданттар, фосфолипазаның тежегіштерін т. с. с. 
дәрі-дәрмектер беру пайдалы болады. 
ШОК
 
 (сілейме)
Шок (ағылш. shock — соққы, шайқалу) организмнің 


137
өмірлік 
маңызды 
қызметтерінің 
қатты 
әлсіреуімен 
сипатталатын ауыр дерттік үрдіс. Бұл кезде ағзалар мен 
тіндерде реттелу тетіктері мен микроциркуляцияның, зат 
алмасу үрдістерінің қатты бұзылуынан организм өмір мен 
өлімнің арасында болады. 
Шоктың түрлері. 
Пайда болу себептеріне қарай шок 
жарақаттық немесе травмалық (лат. trauma - жарақат
жарақатгану), күйіктік, операциялық, гемотрансфузиялық, 
анафилаксиялық т.с.с. болып бөлінеді. Олардың даму 
жолдарында, белгілі ерекшеліктері мен қатар, жалпы 
заңдылықтары да бар. 
Даму жолдарына қарай шок: ауырулық, гуморалдық және 
психогендік (Фролов В. А.) болады (4- сызбанұсқа). 
4- сызбанұсқа 
 
 
Ауырулық 
Экзогендік 
● жарақаттық, 
● күйіктік, 
● үсіктік, 
● электрлік, 
● операциялық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет