Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет152/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

нәруыздардың 
энергиялық тапшылығы
дамиды. Бұл кезде ауыр гипотрофия, 
дененің ісінуі, іш шемені байқалады, ақыл-есінің дамуы 
нашарлайды, шашы түсіп қалады, терісі қатпарланып 
балалар қатты арып, жүдеп кетеді. Бұндай балалардың 
жұқпалы ауруларға төзімділігі азаяды, витаминдердің 
жеткіліксіздігі болады, аминқышқылдары несеппен көптеп 
сыртқа шығарылады. Өйткені бауыр мен бұлшықеттерде меншік 
нәруыздардың ыдыруы ұлғаяды. Осыдан қанда олардың деңгейі 
азаяды, 
анемия 
дамиды, 
лейкоциттердің 
өндірілуі 
төмендейді (ашығуды қараңыз). 
Нәруыздардың 
энергиялық 
тапшылығы 
синдромының 
үш 
дәрежесін ажыратады: 1-ші дәрежеде дене массасы қалыпты 
мөлшерінің 75-90%-на дейін төмендейді; 2-ші дәрежеде 
дене массасы оның 60-70% шамасында болады; 3-ші дәрежеде 
дене массасы қалыпты мөлшерінің 60%-нан төмендеп кетеді 
(толығырақ ашығуды қараңыз). 
НӘРУЫЗДАРДЫҢ ЫДЫРАУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ.
Организмде 
олардың 
артық 
ыдырауы 
дене 
қызуы 
көтерілгенде, ауқымды қабыну кездерінде, жарақаттанғаннан 
кейін, ауыр хирургиялық әрекеттердің нәтижесінде, қатерлі 
өспелер, гипертиреоз т.с.с. дерттер кездерінде байқалады. 
Оның негізінде ауыр ауыртпалықты жағдайлардың нәтижесінде 
лизосомалардың мембранасында май қышқылдарының асқын 
тотығуы, лизосомалық протеолиздік ферменттердің (қышқыл 
фосфатаза, катепсин Д, РНКаза, ДНКаза, эластаза т. б.) 
босап шығуы жатады. 
Нәруыздардың 
түзілуі 
мен 
ыдырауының 
клиникалық 
көрінісі болып азоттық тепе-теңдік (баланс) есептеледі. 
Дені 
сау 
ересек 
адамдарда 
организмнен 
(несеппен, 
нәжіспен) шығарылатын азоттың мөлшері тамақпен организмге 
түскен азоттың мөлшеріне тең болады. Жас балаларда, жүкті 
әйелдерде, анаболизмдік гормондарды сырттан енгізгенде, 


178
немесе олардың организмде артық өндірілгенінде т.б. 
жағдайларда организмге сырттан түскен азоттың мөлшерінен 
оның сыртқа шығарылатын көлемі кем болады. Былайша 
айтқанда анаболизмдік (түзілу) үрдістері катаболизмдік 
(ыдырау) үрдістерден басым болады. Бұндай жағдайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет