29
●
жүйкелік
және
эндокриндік
реттелулерінің
бұзылыстары;
●
иммундық жүйесінің өзгерістері;
● зат алмасу үрдістерінің бастапқы бұзылыстары т.б.
жатады.
Себепкер ықпал қоршаған ортаның көптеген ықпалдарымен
және организммен өзара тығыз байланыста, өзара әсерлерде
болады. Бұл кезде қандай да болмасын себепкер ықпалдың
әсеріне организм қарсы әсер етеді
Организм өзін-өзі реттейтін күрделі жүйе болғандықтан
онда себепкер ықпалдың әсерінен біршама құбылыстар
дамиды. Организмде әрбір дамитын жүйеге қарсы жүйелер
болатыны белгілі. Мәселен, жүйке жүйесінде қозуға қарсы
тежелу жүйесі, ауыру сезімін туындататын жүйеге қарсы оны
азайтатын жүйе, иммундық сергіткіш және иммундық тежегіш
жүйелер,
стресс-дамытатын
жүйеге
қарсы
стресті
-
шектейтін жүйе, оксиданттық жүйеге қарсы антиоксиданттық
жүйе, қан ұю және ұюға қарсы жүйелер т. с. с.
Сонымен қатар, организм олардың әсеріне икемделу-
бейімделу тетіктерімен жауап қайтарады. Мәселен, ауада
оттегінің жеткіліксіздігіне организм тыныс алудың, жүрек
соғуының жиілеуімен, эритроциттердің өндірілуі көбеюімен
т. т. жауап қайтарады. Себепкер ықпалдың әсерінен осы
жүйелердің өзара қатынастарының өзгерістері болады.
Сондықтан
Достарыңызбен бөлісу: