32
серпімділігі мен тығыздығы азая береді. Сондықтан қарт
адамдарда жиі сүйектің сынуы, шытынауы, сіңір созылуы
байқалады.
Әртүрлі
дерттік
жағдайлар
тіндердің
серпімділігін
төмендетіп,
олардың
созылғыштығын
өзгертеді. Қабыну кезінде бұлшықеттердің, сіңірлердін,
буын байламдарының серпімділігі азайып, олардың үзіліп,
жыртылып кетулеріне қолайлы жағдай дамиды. Созылған
тіндер семіп қалады, олардың атқаратын қызметтері
бұзылады. Мәселен, ұзақ мерзім керіліп кеткен асқазанның
шырышты қабығында атрофия дамиды, оның қимылдық және сөл
шығаратын қызметтері бұзылады. Эмфизема, бронхиалық
демікпе кездерінде өкпенің керіліп кетуінен, оның
серпімділігі азайып, демді сыртқа шығаруы қиындайтын
болады.
Қысатын
күштерге
сүйектер
мен
тірек-қимылдық
құрылымдар біршама қарсы тұра алады. Жұмсақ тіндер қысушы
күшке өте сезімтал болып келеді. Бұл кезде қысылып
қалудан жұмсақ тіндердің қанмен қамтамасыз етілуі және
қоректенуі бұзылады. Осыдан қысушы ықпал ұзақ әсер етсе,
тіндердің тіршілігі жоғалады. Өсіп келе жатқан тіндер
қысылып қалса, олардың өсуі тоқтайды. Қысушы әсерлерден
тіндердің атрофиясы дамиды.
Дене мүшелері ауыр заттың астында қысылып қалуынан
организм тіршілігіне қауіпті жағдай дамиды. Бұндай
адамдарды ауыр заттан босатып алғаннан кейін дамитын
дертті ұ
Достарыңызбен бөлісу: