224
үйлесімділікті
реттеуге
қатысады.
Сондықтан
ацидоз
кезінде тін жасушаларына сутегі иондары еніп, олардан
калий және кальций иондары босап шығады. Соңғылары қанға
түсіп, гиперкалиемия,
гиперкальциемия дамиды, сүйектерде
олар азайғандықтан остеопороз байқалады. Ал алкалоз
кезінде жасушалар сутегі иондарын шығарып, кальций мен
калийді байланыстырып алады.
Жасушалардың іші мен сыртындағы сұйықтықтың аралығында
катиондардың алмасуын қадағалайтын нәруыз белгілі болды.
Оны NHE-нәруыз немесе натрий-сутектік қарсы тасымалшы –
деп атайды. Ол жасуша ішілік рН деңгейін қадағалайды.
Бүгінгі күні оның 5 - тен астам түрлерін ажыратады. NHE-1
нәруызы барлық жасушалардың
мембраналарында болады және
оның түзілуі SLC9A1 генімен қадағаланады. Бұл геннің
ақауы кезінде көрсетілген нәруыз түзілмейді де, сырттан
әсер ететін қауіп-қатер ықпалдардан біріншілік артериялық
гипертензия дамуына әкеледі. Өйткені көрсетілген нәруыз
болмауынан жасушаларда натрий мен кальций иондары жиналып
қалады да, сутегі иондары көптеп шығарылып кетеді.
Инсулин және өсу факторлары
осы нәруыздың белсенділігін
арттырады.
NHE-4-нәруызы асқазанның шырышты қабық жасушаларында
болады және ол тұз қышқылы мен асқазан сөлі шығарылуына
ықпал етеді.
Көптеген
дерттер
кездерінде
қышқылдық-сілтілік
үйлесімділік қышқылдық (ацидоз) немесе сілтілік (алкалоз)
жаққа ауысуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: