Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет214/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

пирогендік заттар
маңызды 
орын алады. Олар 
экзогендік 
және 
эндогендік
(лейкоциттік) 
болып 
екіге 
бөлінеді. 
Экзогендік 
пирогендер 
деп 
микробтардың тіршілігінен немесе олардың ыдырауынан пайда 
болатын заттарды айтады.
Әртүрлі бактериялардың мембраналарын арнайы химиялық 
өңдеу жолдарымен біршама пирогендер (пирогенал, пиромен, 
пироксаль т. б.) таза күйінде алынды. Бұл заттар химиялық 
құрамы бойынша нәруыздардан ажыратылған
липополиқанттар
болады. Бұлардың тым мардымсыз мөлшерінен (0,0001 мг/кг) 
адамдар 
мен 
жануарларда 
қызба 
дамиды. 
Экзогендік 
пирогендер организмде дене қызуын эндогендік пирогендердің 
өндірілуін күшейту арқылы көтереді. 
Экзогендік 
пирогендер 
қанның 
түйіршікті 
лейкоциттерімен, 
моноциттерімен 
және 
тіндердің 
макрофагтарымен 
әрекеттесіп, 
олардың 
белсенділігін 
арттырады, жартылай фагоциттелінеді. Содан бұл жасушаларда 
эндогендік пирогендік заттардың түзілуі болады. Олар 
негізінен нейтрофильдер мен моноциттер және тіндік 
макрофагтарда өндіріледі. 
Лимфоциттер өз беттерінше пироген өндірмейді. Бірақ 
олар, экзогендік пирогеннің антигендік әсеріне жауап 
қайтара отырып, макрофагтардың эндогендік пироген өндіруін 
сергітетін цитокиндер бөліп шығарады. 
Эндогендік 
пирогендік 
заттарға 
интерлейкин-1, 
өспелерді жоятын фактор, аз мөлшерде интерлейкин-6, 
интерферондар, катиондық нәруыздар т. б. жатады. 
Интерлейкин-1 дене қызуын көтеруден басқа көптеген 
биологиялық әсер етеді. Ол организмнің иммундық жауабына 
қатысады, 
қанда 
лейкоциттердің 
санын 
көбейтеді, 
бұлшықеттерді сырқыратады, адамның ұйқысын келтіріп, 
тәбетін азайтады т. т. 
Эндогендік пирогеннің өндірілуіне энергия анаэробты 
гликолиздік жолмен түзіледі. Олар кыздыруға шыдамсыз 
болады және жануардың түріне қарамай дене қызымын 
көтереді. Жануарларға бұл пирогенді бірнеше қайталап 
енгізгенде 
өзінің 
белсенділігін 
жоғалтпайды. 
Ал, 
экзогендік пирогендердің белсенділігі қайталап енгізгенде 
азая береді және олар эндогендік пирогендердің өндірілуін 
күшейту арқылы әсер етеді. Сонымен, жұқпалы аурулар 
кездеріндегі 
ет 
ысуы 
экзогендік 
және 
эндогендік 
пирогендердін өзара әсерлерімен қамтамасыз етіледі. 
Қызба дамуында жоғарыда келтірілген пирогендермен 


246
бірге организмнің даралық реактивтілігі мен иммундық 
жүйесінің 
маңызы 
үлкен. 
Кейбір 
аурулар 
кездерінде 
температураның көтерілмеуі, ал кейде тым қатты көтерілуі 
мүмкін. Мәселен, қарттарда және қатты жүдеген адамдарда 
бөліктік (крупозды) пневмония дене қызымы көтерілмей-ақ 
ауыр түрде өтеді. Бұндай жағдай: 
● организмнің жалпы төзімділігі төмендеуімен; 
● энергая түзуге қажетті заттардың жеткіліксіздігімен; 
● зат алмасу қарқынының аздығымен; 
● эндогендік пирогендердің түзілуі бұзылуымен 

байланысты болады. Қызба дамуында пирогендерден басқа 
заттардың 
да, 
әсіресе 
гормондардың, 
маңызы 
үлкен. 
Тиреотоксикоз кезінде жұқпалы аурулар тым қатты ет 
ысуымен қабаттасады. Гипотиреоз кезінде қызба сирек 
дамиды. Глюкокортикоидтар ет ысуын азайтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет