Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет217/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Температураның 
жоғары 
деңгейде 
тұрақтану 
сатысы. 
Қызбаның 1-сатысынан кейін дене қызымы белгілі деңгейге 
көтеріліп, сол деңгейде біршама уақыт (бірнеше күн, 
сағат) тұрақтанып тұрады. Бұл кезде дене қызымының 
реттелу тепе-теңдігі жаңа жоғары нүктеге ауысады да, жылу 
өндірілуінің көтері-луіне сәйкес жылудың сыртқа шығарылуы 
да жоғарылайды; тері қызарып, ысыйды, тыныс алу жиілейді. 
Бұл сатыда дене қызымы көтерілу деңгейіне қарай қызбаның 
келесі түрлерін ажыратады: 
● шамалы (субфебрильдік) қызба — дене қызымының 38°С-
ға дейін көтерілуі; 
● орташа қызба — 38-39°С; 
● қатты қызба — 39-40°С; 
● асқын (гиперпиреттік) қызба — 41°С-тен астам 
көтерілуі. 
Температураның жана деңгейі, оның тәулік бойында 
өзгеруі көптеген жағдайларға байланысты. Олардың ішінде 
пирогендердің 
мөлшері 
мен 
оларға 
термореттеу 
орталықтарының сезімталдығы өзгерістері маңызды орын 
алады. 
Температураның қалыпты деңгейге түсу сатысы. 
Қызбаның 
бұл сатысы жылудың сыртқа шығарылуының жылу өндірілуінен 
басым болуымен сипатталады. Осының нәтижесінде дене қызымы 
қалыпты деңгейге дейін төмендейді. Организмде жиналған 
жылу тері тамырларының кеңуі, терлеу мен тыныстың жиілеуі 
арқылы сыртқа шығарылады. Температураның түсуі екі жолмен 
болуы ықтимал: 
● біртіндеп (лизистік) (бірнеше тәулік ішінде) түсуі;
● күрт (кризистік) түсуі. Соңғысында тері қан 
тамырларының кеңеюі тым қатты болуы ықтимал, егер ол 
организмнің уыттануымен қабаттасса, онда тіршілікке өте 
қауіпті коллапс дамуына әкеліп соғады. 
Температуралық сызықтардың түрлері.
Ет 
ысуы 
кезінде 
дене 
қызымы 
жоғары 
дәрежеде 
тұрақталып, оның тәуліктік ауытқулары болып тұрады. 
Таңертеңгі және кешкі температуралардың айырмашылығы 
бойынша 
бірнеше 
температуралық 
сызықтардың 
түрлерін 
ажыратады (2-сурет). 
● тұрақты қызба (febris соntinua). Дене қызуы жоғары 


250
деңгейге (39-40°С) көтерілген, таңертенгі және кешкі 
температуралардың айырмашылығы 1°-тан аспайды. Бұндай 
температура жәншау (скарлатина), бөліктік пневмония, 
бөртпе сүзек т. б. аурулар кездерінде кездеседі; 
● 
босаңситын 
қызба 
(febris 
remittens). 
Жоғары 
деңгейдегі дене температурасы таңертең және кешке 1,5-2°С-
ға 
өзгеріп 
тұрады, 
бірақ 
қалыпты 
деңгейге 
дейін 
төмендемейді. Бұндай температура туберкулез, жалқықты 
плеврит т.с.с. аурулар кездерінде байқалады; 
● ұстамалы қызба (febris intermittens) — дене қызымы 
тез бірнеше сағаттың ішінде кешкісін 39-40°С-ға дейін және 
одан да жоғары көтеріледі, таңертең қалыпты деңгейге, 
кейде одан да төмен төмендейді. Бұндай температура безгек 
кезінде байқалады. Безгек күнбе-күн, әрбір екінші немесе 
әрбір үшінпгі күні ұстауы мүмкін. 


251
● қалжырататын қызба (febris hectica). Таңертеңгі 
температура мен кешкі температураның айырмашылығы 3-5°С 
болуы мүмкін. Бұндай температуралық сызық сепсиске тән. 
● келбетсіз қызба (febris athypica). Температураның 
тәуліктік өзгеруі бей-берекет, ретсіз болады. Бұндай 
температуралар да сепсис кезінде байқалады. 
Қазіргі 
күні 
жұқпалы 
ауруларды 
антибактериалық 
дәрілермен ерте емдеудің нәтижесінде температуралық 
сызықтардың 
«классикалық» 
түрлері 
жиі 
кездеспейді. 
Дегенмен, кейде ауруды нақтылай аңғару үшін олардың 
маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет