Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет395/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Тромбоциттердің 
барлық 
қызметтерінің 
біріккен 
бұзылыстары 
кезінде 
олардың 
әрі 
адгезиясы, 
әрі 
агрегациясы, әрі түйіршіктерінен белсенді заттардың босап 
шығуы бұзылады. Осындай дертті Вискотт-Олдрич синдромы 
дейді. 
 
Жүре пайда болған тромбоцитопатиялар.
Жүре пайда болған тромбоцитопатиялар: 
жіті лейкоздар
● уремия; 
● бауыр циррозы; 
● В
12
-витамин тапшылықты анемия
● тамыр ішінде шашыранды қан ұю-синдромы т. б. дерттер 
кездерінде 
байқалады. 
Бұл 
аурулар 
кездерінде 
тромбоцитопатиялар, тромбоциттердің қан ұюға қажетті 
фосфолипидтік 
3-факторының 
тапшылығына 
әкелетін, 
тромбоцитопениялармен қабаттасады 
● 
стероидты 
емес 
қабынуға 
қарсы 
дәрілердің 
(ацетилсалицил 
қышқылы, 
бруфен, 
индометацин) 
тромбоциттердің агрегациясын тежейтін қасиеттері белгілі. 
Олар циклоксигеназа ферментінің белсенділігін тежеп, 
тромбоксан А
2
түзілуін шектейді. Дәрілік препараттарды 
қабылдау (мәселен, 300-600 мг ацетилсалицил қышқылын) қан 
ағу 
уақытын 
ұзартады, 
коллагенді 
әлсіретеді, 


473
тромбоциттердің түйіршіктерінен агрегация туындататын 
заттардың 
босап 
шығуын 
бұзады. 
Осыдан 
аспирин 
қабылдағаннан кейін ауыр қан кетулер болады. Аспириннің 
бұндай әсері қандағы бар тромбоциттер толығынан ауысқанша 
(5-тәулік бойы) сақталады. 
Сонымен, 
тромбоцитопатиялар 
олардыің 
қалыпты 
қызметтерінің 
бұзылыстарынан 
дамитын 
қанағыштыққа 
бейімділіктерге 
әкеледі. 
Олар, 
тромбоциттердің 
саны 
мардымсыз азаюына немесе қалыпты деңгейінде болуына 
қарамай, 
теріде, 
шырышты 
қабықтарда, 
жатырдан 
қан 
кетулермен көрінеді.
Тромбоциттердің өзгерістерінен дамитын қанағыштыққа 
бейімділіктің ерекшелігі болып, қанаудың нүктелі тарғыл 
бөртпелер түрінде болуы есептеледі. Бірақ жарақаттар 
кездерінде ауыр қан кетулер болады. Тромбоциттердің саны 
азаю мөлшерімен қансыраудың көріністерінде белгілі бір 
байланыс болмайды. Бұл кездерде қан ағу уақыты ұзарады, 
қан ұйындысының тартылып жиырылуы төмендейді. Ал, қан
ұюының көрсеткіштері өзгермейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет