Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет419/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жалпы 
массасынан 
бүлін- 
ген 
жерінің 

өлшемі 
Бұзылыстар 
8% 
жүректің босаңсу қызметі әлсіреуі 
15% 
жүрек шығарымы азаюы, диастолы соңы 
қан көлемі 
мен қысымы көтерілуі 
25% 
қанның кіші қанайналым шеңберінде 
іркілуі 
40% 
артериалық қысымның қатты төмендеуі 
Миокард инфаркты трансмуралдық (жүректің барлық қабаты 
бүлінген), 
интрамуралдық 
(миокардтың 
іші 
бүлінген), 
субэндокардтық (эндокард асты бүлінген), субэпикардтық 
(эпикард асты бүлінген) болады және жиі сол қарыншада 
орналасады. Ол майда ошақты немесе ірі ошақты болуы 
мүмкін. 
Тіршілігінен айрылған жүрек жасушаларьшың ішіндегі 
заттар қанға түседі. Сондықтан ет жасушасы ішіндегі 
болатын нәруыздар (тропонин, тропомиозин), ферменттер: 
креатинфосфокиназа 
(КФКаза), 
аспартатаминотрансфераза 
(АсАТ), лактатдегидрогенеза (ЛДГ) және миоглобин шеткері 
қанға шығарылады. Жасуша нәруыздарының қанға түсуі 
лейкоцитозбен, 
ет 
ысуымен, 
эритроциттердің 
тұну 
жылдамдығының 
(ЭТЖ) 
көтерілуімен 
қабаттасады. 
Қанайналымында жасуша ішіндегі болатын нәруыздардың пайда 
болуы аутоиммундық үрдістерге әкелуі ықтимал. Осыдан 
аутоантиденелер пайда болуымен постинфарктық синдромның 
(Дресслер синдромы) дамуы байланысты. Бұл кезде жүрек 
қалтасының, 
өкпеқаптың, 
өкпенің, 
буындардың 
ауыр 
қабынулары байқалады. 
Коронарлық қанайналымы бұзылғаннан кейін тіпті бірінші 
минөтгердің ішінде ЭКГ-де Q өркешінің тереңдеуі, SТ 
аралығының қалыпты орнынан ығысуы, QRS кешені мен Т 
өркешінің өзгерістері пайда болады (-сурет). 


505
- сурет. Миокард инфаркты кезіндегі ЭКГ өзгерістері. А 
– эпикард асты, Б – эндокард асты инфаркт кездеріндегі 2-, 
3-, 5-, 6- кеуде тіркелімдерінде ST-кешенінің төмен ығысуы 
мен теріс Т-өркештері тіркелген. 
Бұл кезде жүрек шығарымы және қанның соққылық көлемі 
азаяды, жүрек қуыстарында диастола соңындағы қан көлемі 
көбейеді.
Тіндерде микроциркуляцияның бұзылыстары гипоксияға, 
метаболизмдік 
ацидозға, 
ми 
және 
басқа 
ағзалардың 
қызметтерінің бұзылыстарына әкеледі. 
Миокард инфарктында коронарлық артериялардың қатты 
жиырылуынан немесе бүліну ошағында биологиялық белсенді 
заттардың (брадикинин, гистамин, серотонин, аденозин т.б.) 
жиналып қалуынан қатты ауыру сезімі болады және ол қатты 
қобалжу, қорқу сезімімен қабаттасады. Ауыру сезімі сол жақ 
қолға, жауырынға, иыққа, астыңғы жаққа, тіске берілуі 
мүмкін. Ол жұлында ішкі ағза нейрондарынан қозудың тері 
мен шырышты қабықтардағы сезімтал нейрондардың аймақтарына 
таралуынан дамиды. Кейде клиникада миокард инфарктының 
ауырмайтын 
түрін 
де 
жиі 
кездестіруге 
болады. 
Ол 
макрофагтарда көптеп эндогендік эндорфиндер өндірілуімен 
түсіндіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет