506
жүректен қан шығарылуы төмендейді,
қан тамырларының жалпы
шеткері кедергілік қасиеті жоғарылайды. Ол артериялық
қысымды
белгілі
деңгейде
ұстап
тұруға
бағытталған
бейімделістік
серпіліс.
Бірақ
артынан
шеткері
қан
тамырлары кеңіп, олардың межеқуаты азаюдан артериялық қан
қысымы күрт түсіп кетеді.
Ірі ошақты миокард инфаркты жүрек аневризмасына,
тромбоэмболияға, бүлінген жүрек
етінің жыртылуына әкелуі
мүмкін.
Миокард инфаркты кезіндегі бүлінген ет тінінің орны
дәнекер тін жасушаларымен толтырылады,
тыртық пайда
болады. Соңғысының жиырылғыштық қасиеті, ет талшықтарына
қарағанда, өте аз болғандықтан жүрек
ішіндегі қысыммен
артық керіліп, аневризма (тыртық тіннің жүрек сыртына
бұртиып, керіліп кетуі) дамуына әкеледі.
Миокард инфарктының ең қауіпті асқынуының бір түрі
болып,
тромбоэмболия
даму
мүмкіншілігі
есептеледі.
Бүлінген тіннен, қан тромбоциттерінен т. б. жасушалардан
тіндік
тромбопластин
(III-ф)
босап,
тромбоциттердің
адгезиясы мен агрегациясы және қан ұю үрдісінің
артуынан
жүрек қуыстарында қан қатпалары пайда болады. Содан бұл
қан қатпаларының бөлшектері үзіліп кетіп, эмболға айналуы
мүмкін. Бұл эмбол жиі үлкен
қанайналым шеңберіне тарап,
орналасқан жеріне қарай науқас адамның тез өліміне
әкеледі.
Жүрек
қабырғасының
жыртылуы
үлкен
трансмуралдық
миокард инфарктынан болады. Бұл кезде науқас тез өліп
кетеді.
Егер ол біртіндеп дамыса, қан перикард қуысына
құйылып, жүректің сыртынан қысылып қалуына және ауыр
кардиогендік шок дамуына әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: