Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет426/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

номотоптық ырғақ
, ал өткізгіш 
жүйесінің 
төменгі 
бөліктерінде 
немесе 
әдеттен 
тыс 
орындарда пайда болған серпіндерден дамитын жүрек ырғағын 
гетеротоптық ырғақ
деп атайды. 
Осыларға байланысты жүректе жүйкелік серпіндердің 
қалыптасуының бұзылыстары: 
● 
қалыпты 
автоматизмнің 
өзгерістерінен 
дамитын 
номотоптық аритмиялармен; 
● әдеттен тыс орындардағы автоматизмнен дамитын 
гетеротоптық аритмиялармен; 
● шүріппелік (триггерлік) белсенділік артып кетуімен – 
байқалады. 
Номотоптық аритмиялар.
Номотоптық ырғақтың бұзылыстары синустық-жүрекшелік 
торапта серпіннің пайда болу жиілігі әртүрлі себептерден 
өзгеріп тұруымен байқалады. Сондықтан бұл аритмиялар 
синустық тахикардия, синустық брадикардия және синустық 
аритмиялар түрлерінде көрінеді. 
Синустық тахикардия 
– деп синустық-жүрекшелік торапта 
серпін пайда болуы жиілеуінен дамитын жүрек қағуын айтады. 
Бұл кезде жүрек соғуы минөтіне 100-140 шамасында болады 
және ЭКГ-да жүрекше-қарынша кешендері өзгермейді, тек 
диастолалық үзіліс, Т - Р өркештерінің арасы қысқарады (-
сурет). Симпатикалық жүйке жүйесінің қозуы жүрек соғуын 


513
жиілетеді, ал парасимпатикалық жүйке жүйесінің қозуы оны, 
керісінше, сиретеді. Осыдан синусгық-жүрекшелік торапта 
серпін пайда болуының жиілеуі мына жағдайларда байқалады: 
● жүректе симпатикалық-адреналиндік әсерлердің артып 
кетуінен; бұндай жағдай көңіл-күйдің қобалжуы, физикалық 
күштену, гипертиреоз, феохромоцитома кездерінде болады; 
● 
парасимпатикалық 
жүйкелердің 
жүрекке 
әсері 
әлсіреуінен; бұндай жағдай орталық жүйке жүйесінің 
бүліністерінде байқалады; 
● синустық-жүрекшелік тораптың жасушаларына әртүрлі 
физикалық, химиялық, биологиялық ықпалдардың тікелей 
әсерлерінен 
болады. 
Мәселен, 
ыстық 
қанның 
(қызба, 
гипертермия), қышқыл өнімдердің (гипоксия, қантты диабет), 
микробтардың және олардың уыттарының (жұқпалы аурулар), 
дәрілердің (кофеин, адреналин т. б.) әсерлерінен синустық 
тахикардия дамиды.
Қысқа мерзімде синустық тахикардия жалпы қанайналымға 
теріс әсер етпейді. Ал, ұзаққа созылған жүректің тым жиі 
соғуы (минөтіне 100 -140 реттен астам) оның қызметінің 
бұзылыстарына әкеледі. Бұл кезде жүректің оттегіге 
мұқтаждығы артады, жүрек қанға толмай аз қанмен жиырылады, 
жүректе энергия түзілуі нашарлайды. Сондықтан жүректен 
шығатын қанның соққылық көлемі азаяды. Ұзақ мерзім жиі 
соғуынан жүректің зорығудан болатын жеткіліксіздігі дамуы 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет