Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Перикард қызметінің бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет424/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Перикард қызметінің бұзылыстары 
Перикард бірнеше қызмет атқарады. Оларға мыналар 
жатады: 
● жүрек пен оның ірі тамырларын көкірек орталығына 
бекітіп, белгілі жағдайда ұстап тұрады; 
● жүрекгі жарақаттанудан және оған өкпе тіндерінен, 
көкірек орталығынан микробтардың өтуінен сақтандырады; 
● диастола кезінде жүректің тым артық керіліп кетуінен 
сақтандырады; 
● маңызды рефлексогендік орын болып есептеледі. Онда 
жүрек соғуының күші мен жиілігін реттеуге қатысатын 
көптеген механо- және хеморецепторлар бар. Перикардтың 
бүліністерінде 
қанайналым 
жеткіліксіздігіне 
әкелетін 
көптеген дерттік рефлекстер пайда болуы мүмкін. Перикард 
қуысында кеуде қуысындағыдай теріс қысым болады. Жоғарғы 
және төменгі қуыс көктамырларда, оң жүрекше қуысында 
диастола кеэінде қан қысымы перикард қуысындағы қысымнан 
су бағанасы бойынша 4-6 см ғана артық. Сондықтан перикард 
қуысында қысымның тіпті азда болса көтерілуі оң жүрекке 
қанның ағып келуін қиындатады. Мұндай жағдайлар перикард 
қуысында сұйықтың жиналуынан болады. Ол: 
● жүрек қалтасының қабынуында (жалқықты перикардит); 
● су мен тұздардың алмасуы бұзылғанда, қанда нәруыздар 
азайғанда (гидроперикардиум); 
● перикард қуысына қан құйылганда (гемоперикардиум) т. 
б. жағдайларда кездеседі. 
Жүрек қалтасына сұйық тез арада және біртіндеп жиналуы 
мүмкін. Тез арада жиналуы жарақаттанудан зақымдану немесе 
миокард инфаркты нәтижесінде жүрек жыртылу кездерінде 
болатын қан құйылудың әсерінен немесе гидроперикадиум тез 
дамығанда байқалады. Жүрек қалтасы нашар созылатындығынан 
оның қуысында қысым көтеріледі де, жүректің диастола 


511
кезіндегі кеңуіне бөгет жасайды, тез дамитын жүрек 
тығындалысы (тампонадасы) пайда болады. Бұл кезде жүрек 
қуыстарынъщ қанға толуы азаяды, систолалық қан көлемі мен 
артериялық қысым төмендейді, веналық қысым көтеріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет